Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының тұрғыны жаңа туған нәрестені өлтіргені үшін сотталды

Ақмола облысында тұрғын әйел жаңа туған нәрестені өлтіргені үшін үш жылға бостандығы шектелді.

нәресте

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Аршалы ауданы тұрғындарында үлкен жаңғырық туғызған қылмыстық істі қарау айыптау үкімін шығарумен аяқталды.

Ақмола облысы Аршалы ауданы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел адам отбасылық-қаржылық қиындықтарға байланысты және өз баласын өсіруге құлқы болмағандықтан үйінде босанып, жаңа туған сәби – қыз баланы полиэтилен пакетке орап, көшедегі қоқысқа лпақтырып тастаған, сәби қатты мұздап мерт болған.

Сотталушы өз айыбын толық мойындады.

Сот іске қатысқан прокурордың пікірімен келісе отырып, әйелдің үш жылға бас бостандығын шектеуге және бүкіл мерзімінде оның жүріс-тұрысына бақылау орнатуға үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген  жоқ.

 

Талқылау