Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ақмола облысының тұрғыны пәтерін ойынханаға айналдырған 

Ақмола облысының Атбасар қаласындағы пәтерлердің бірінен полицейлер 16 ойын автоматын тәркіледі. Тәртіп сақшылары емін-еркін ойын ойнап отырғандардың үстінен түскен. Бұл аппараттардың түрлеріне қарап, олардың елімізге 90-шы жылдары әкелінгенін аңғаруға болады, деп хабарлады КТК.

Келгендер ғаламтор арқылы емес, механикалық түрде кілтпен бұрап құмары қанғанша ойнай береді. Ал үй иесінің бұл құрылғыларды қайдан, қашан алғаны анықталып жатыр. Сондай-ақ, ойынқұмарлардың қашаннан бері пәтерді жағалап, иесіне қанша пайда әкелгені де әзірге белгісіз. Заңсыз ойын кәсібімен айналысқан 28 жастағы азаматтың кінәсі дәлелденсе, ол 4 миллион 810 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелуі немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Бұлар – өте ескі ойын автоматтары. Көпқабатты үйдің бірінші қабатында болған. Қазір пәтер иесі мен әкімшісі ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Олар енді құмар ойынды заңсыз ұйымдастырғаны үшін жауап береді»,- дейді Атбасар аудандық ІІБ аға жедел уәкілі Азамат Төлеғұнов.

Оқи отырыңыз:

Алматының ауасын ластаған табиғат пайдаланушылары жазаланды

Мүгедек баланы азаптап өлтірді деп айыпталған тәрбиеші кешірім сұрады 

Төтенше жағдайлар комитеті кинотеатрларды төменгі қабаттан салуды ұсынды 

Ақтауда оралмандар баспаналарынан қуылып жатыр 

STAN.KZ
Жұма, 30 Наурыз, 2018 21:28
Талқылау