Ақтауда оралмандар баспаналарынан қуылып жатыр 

Төрт жылдан бері бейімдеу орталығында тұрып келген 139 отбасы енді қайда барарларын білмейді . Айтуларынша, осы уақытқа дейін жергілікті билік тарапынан ешбір көмек көрсетілмепті. Бұл туралы КТК хабарлады.

«Бізге шығыңдар деп жатыр. Қайда барамыз.  Әкімдікке барсақ құжат жинаңдар дейді.Бір-екі күнде құжатты қалай жинаймыз? «Нұрлы көш» бағдарламасымен келдік. Үй, баспана, квота беру керек болған»,- дейді Тамар Ісжанова.

Иран мен Өзбекстаннан ата жұртқа көшіп келген қандастарымыз уәде етілген арнайы бағдарлама мен квотаның бірі де жасалмағанын айтып наразы. Азаматтық ала алмай сабылған жандар жұмысқа да орналаса алмай жүр екен. Жергілікті билік болса төрт жыл бұрын оңалту және бейімдеу орталығын әлеуметтік жатақхана деп өзгертіпті. Енді орталықта әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жетім-жесірлер мен мүгедектер қоныстанады. Ал, 139 отбасы жатақхананы босату керек. 31 наурызға дейін орталықтан өз еркімен кетпеген жұртты күшпен қуылатындығы ескертілді. Ақ жағалылар болса ұзақ жылдар бойы баспана алуға талпынбай, қамсыз отырған оралмандардың өздерін кінәлайды.

«Құжаттар тапсырсын. Шыныменде, әлеуметтік жағдайы жоқ екенін айқындайтын құжаттары бар оралмандарды жатақханада қалдырамыз. Қалғандары босатады. 7 жыл бойы Үкіметке қарап отыра беруге болмайды ғой. Қазақстанға үлесім тисін деген адам ұмтылу керек қой»,- деді Маңғыстау облысы әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  бөлім басшысы Набат Баймұналова.

Оқи отырыңыз:

Талдықорғанда батырлардың ескерткіш алдында есіре билеген бойжеткен қамауға алынды

Қарағандыда таңертеңнен қалың қар жауып, көліктер кептеліп қалды (видео)

Аяғы 50 сантиметр жігіт биліктегілерге видеоүндеу жолдады

Павлодарлық полицейлер бір түнде 60 автокөлік иесіне айыппұл салды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар