Төтенше жағдайлар комитеті кинотеатрларды төменгі қабаттан салуды ұсынды 

Құтқарушылар  кинотеатр,  аттракциондарды сауда ойын-сауық орталықтарының бірінші қабатынан  салуды ұсынды.  Төтенше жағдайлар комитетіндегілер бұл  бастаманы  әкімдіктерге  құжат жүзінде  алып бармақ. Сөйтіп, сәулет, құрылыс туралы заңға өзгеріс енгізу талап етіліп отыр, деп хабарлады КТК.

Ал 2-сәуірден бастап еліміздегі сауда ойын-сауық орталықтарында жаппай   жоспардан тыс тексеріс басталады. Бас прокурор  мыңнан астам нысанның өрт қауіпсіздігін  шұғыл қарап шығуды  бұйырыпты. Тексеріс үш айға жалғаспақ. Алдымен адам көп жүретін сауда нүктелері басты назарда болады. Құтқарушылар кейін балабақша мен мектептердегі жағдайды  да  бір сүзіп өтеді.  Талап бойынша, ғимаратта  өрт дабылы  жұмыс  істеп тұруы тиіс, қосалқы есіктер кілтсіз ашылуы қажет және біренеш шығу жолы болуы керек. Сондай-ақ,  орталықтардағы қызметкерлердің  өрт шыққан жағдайда адамдарға  алғашқы көмек көрсете ала ма, осыған ерекше мән береміз дейді төтеншеліктер. Тізімдегі ғимараттардан бөлек, тұрғындардың да шағымы бойынша қауіпті нысандарды тексеріледі.

«Жеке тұлғалардан арыз-шағым түссе, ол да тексерістер өткізіледі жоспардан тыс. Бірақ, прокуратура органы шағымды қарап, қабылдайды. Шынымен қауіпсіздігі жазулы тұрса, сол кезде ғана тексеріледі»,- дейді ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Жасұлан Ақтаев.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда оралмандар баспаналарынан қуылып жатыр 

Талдықорғанда батырлардың ескерткіш алдында есіре билеген бойжеткен қамауға алынды

Қарағандыда таңертеңнен қалың қар жауып, көліктер кептеліп қалды (видео)

Аяғы 50 сантиметр жігіт биліктегілерге видеоүндеу жолдады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар