Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында саңырауқұлақ теруге кеткен зейнеткер жоғалды

Ну орманға қарай кеше жол тартқан 70 жастағы әжей сол күйі қайтып оралмаған. Валентина Чекина Зерендідегі демалыс орнына Тараздан барған екен. Қазір оны орманшылар мен тұрғындардан құралған жүз шақты аяқтарынан тік тұрып іздеп жатыр. Бұл туралы КТК хабарлады.

744

Зерендінің құтқару қызметінен тыныш кеткелі екінші күн. Бәрі жабылып 70 жастағы әжейді іздеп жатыр. Құтқарушылармен бірге орманшылар да, ауыл тұрғындары да жүр. Алғашқы күні Валентина Чекинаны іздеп табудан үміттерін үзбеген олар қараңғы түскенше орман кезген. Тіпті өздері адасып, бір-бірін әрең тауыпты.

“Енді бүгінгі күні 98 адам жұмылдырылып отыр. Жұмыстарды жүргізіп жатырмыз екі күн болды. Енді орман қалың. Күн болса суытып жатыр, салқындап. Өзіміздің іздеген азаматтарды да іздестіріп, адасып та кетіп соларды таптық”, – деді Зеренді ауылдық аймағы әкімінің міндетін атқарушы Асхат Әбуғалиев.

Зейнеткер орманға жалғыз өзі кетпеген. Қасында Ақтөбеден келген қыз бен жігіт болыпты. Солар адасып кеттік деп құтқарушыларға хабар берген. Әжейден де көз жазып қалған. Орманшылар ол екеуін тауып, бүгін үйлеріне кетіпті. Ал қария әлі жоқ. Ол Зерендіде бір жарым айдан бері демалып жатыр екен.

“Ол әжей жыл сайын келеді. Дала жидегін, емдік шөптер,саңырауқұлақ жинайды. Осы жолы шілденің 27-сінде келді. Анау бір шағын үйде тұрады. Орманға барып, серуендеп келетін. Кеше де үйдің кілтін тапсырып, солай қарай шығып кеткен. Содан көрмедім”, – дейді демалыс орнының әкімшісі Александр Миллер.

Тараздық қарияның Зерендіде туысқандары да жоқ екен. Ал құтқарушылар уақыт өткен сайын, құрамын өзгертіп, іздеушілердің саны көбейіп келеді. Төтенше жағдайлар қызметі әзірге тікұшақ шығарған жоқ. Өйткені қалың орманда жүрген адамды жоғарыдан көру қиын.

Құтқарушылар көріпкелдер көмегіне де жүгінген. Олар жоғалғанына екі күн болған әжей дін аман,ну орманда адасып жүр депті. Қазір ауа райы да күрт бұзылып,күн суытып барады. Соған қарамастан құтқару тобы іздестіру шараларын жалғастырып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Бас прокуратура Мұратхан Тоқмәдидің адвокаттарын істен шеттетіп тастады

Головкин–Альварес жекпе-жегінің төрешілері анықталды

Бала санын арттыруға бас қатырған шымкентттіктер елде жоқ акцияны қолға алды

Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды қаққан жүргізуші судьядан жылап тұрып қамауға алмауын сұрады

Талқылау