Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында өрістегі жылқыларды әлдекімдер әдейілеп атып кеткен

Ақмола облысының  Жамантұз ауылында өрісте жайылып жүрген үйірдегі бірнеше жылқыны әлдекімдер мылтықпен атып қырып кеткен. Арасында 1-2 айда төлдеуі тиіс биелер де бар. Қаскөйлер оқ тиген малды жайылымға қалдырыпты.

photo_21878

Бұл туралы STAN.KZ КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жылқышылар бұл кезде үйлеріне демалуға кеткен екен. Жұрттың ойынша, бұл малды егістігіне жайғызбау үшін жер иесінің жасаған қастандығы болуы мүмкін.

Тып-тынық дала тыныштығын бұзып атылған оқ 6 жылқыны жаралаған. Ақ қар қып-қызыл қанға боялып, қансыраған малды көрген жылқышылар бірден иелеріне хабар берді. Енді бірнеше ауыл тұрғыны жаралы жылқысын буаз екеніне қарамастан айдалада сойып жатыр.

Аяғынан жараланған екі жылқы ақсаңдап табынға ілесіп кеткен. Ал тағы оңбай оқ тиген екі малды иелері ауылға артып әкетті. Қиналып қансырап жатқан мына тай тіпті тұра алар емес. Болған жағдайды естіп  көрші ауылдардан келген жылқышылар онсыз да үйірімен айдап әкететін барымташылардың тыныштық бермейтінін айтуда. Машинамен келген адам кім екені әзірге белгісіз. Ал полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчуктың хабарлауынша оқиға орнынан аңшы мылтығының гильзалары алынып, сараптамаға жіберілді. Оларыдң джип көлігін мінгендер екені белгілі. Бірнеше күдікті тергелуде.

Жылқыға оқ атты деген күдіктілердің ішінде үйір бағылып жатқан жердің иелері де бар. Жылқышылардың айтуынша, жазда мал егістік алқапқа түсіп, арада дүрдараздық болған. Бұл соның кегі болуы да мүмкін дейді олар.

Талқылау