Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ауыл тұрғыны полиция қызметкерін пышақпен жарақаттады

Ақмола облысының Бурабай ауданында ауыл тұрғыны аудандық инспекторға қарсылық көрсетіп, оны пышақпен жарақаттаған. Бұл туралы Ақмола облысының ІІД-не сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ақмола облысында ауыл тұрғыны полиция қызметкерін пышақпен жарақаттады

8 сәуірде Бурабай ауданының Успен-Юрьевка кентінде сағат 22.00-де аудандық инспекторға ауылдағы үйлердің бірінде жанжал болғаны туралы хабарлама келген. Аталған мекен-жайға келген полиция қызметкері мас күйінде болған 27 жастағы үй иесін кездестірді. Сондай-ақ, құқық бұзушының қолында асхана пышағы болған. Ер адам құқық қорғау қызметкерінің қаруды қою туралы заңды талаптарын орындауға мүлде мән бермеген. Керісінше, ол суық қаруды полиция қызметкеріне қарай сермеген. Полиция қызметкері қолмен күресу әдістерін қолданып, ауыл тұрғынынан пышақты алып алған. Бірақ сол кезде ол кеудесінен екінші пышағын шығарып, полицейге жарақат келтірген.

«Полиция қызметкерінің шебер әрекеттерінің арқасында құқық бұзушы ұсталды. Кейіннен ол аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, одан әрі тергеу жүргізуге жіберілді. Аудандық инспекторға медициналық көмек көрсетілді, қазір оның жағдайы тұрақты», – деді Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметі.

Қарулы қарсылықты қамтамасыз ету және полиция қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде зорлық-зомбылық жасау бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабының 2-тармағына сәйкес алдын ала тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерін жарақаттаған ауыл тұрғыны уақытша ұстау орнына орналастырылған. Бапта көрсетілген бұйрыққа сәйкес, күдікті бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Астана аялдамасында қарт кісіні соққыға жыққан бұзақы ұсталды

ОҚО-да биылдыққа төртінші үшем дүниеге келді

Астанада күзетші абайсызда құны 2,5 миллион теңге тұратын әшекей бұйымдарды қоқысқа тастап жіберген

Екеуі дос болған: Министр полковниктің өліміне қатысты түсініктеме берді

Талқылау