Екеуі дос болған: Министр полковниктің өліміне қатысты түсініктеме берді

Қорғаныс істері департаментінің басшысын атып өлтірді деген күдікпен оның орынбасары ұсталған болатын.

© Sputnik / Болат Шайхинов

ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Талдықорғандағы әскери комиссариатта подполковниктің атып өлтірілуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Екеуі де әскери борышын бірге өтеген, дос болған, бірге жұмыс істеген. Соған қарағанда екі адам арасындағы мәселе болуы керек. Құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап жатыр…Оның үстіне, қазір әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр, бәрі қарбалас. Жаңағы адам (күдікті – автор ескертп.) әскерилерді шақыруға жауапты болған, күн сайын тапсырма, бұйрық. Марқұм жайында жаман ештеңе айтқым келмейді, бірақ басшы ретінде тым жоғары талап қойған шығар”, — деді министр.

Жасұзақов марқұм да, айыпталып отырған күдікті де психологиялық тестен өткенін атап өтті.

“Біз әр жарты жыл сайын әскери комиссариатқа шақырудың қорытындысын шығарамыз. Бізде психологиялық тест өткзетін арнайы қызмет құрылған. Бұған дейін олар тестілеуден өтті. Қылмыс жасаған адамның көрсеткіштері жоғары болған. Ал басшыға қатысты кейбір сұрақтар туындады”, — деді ол.

Министр екеуінің де артында отбасы қалғанын айтты.

“Біз отбасына материалдық, моралдық-психологиялық көмек көрсетеміз”,- деді министр.

Еске салып өтсек, 31 наурызда Алматы облысының қорғаныс істері департаментінде оқыс оқиға болды. Қызметтік бөлмеде Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Б.Б.Беристемов атып өлтірілді. Күдікті ретінде оның орынбасары подполковник А.С.Оспанов ұсталды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Бұдан бұрын, Талдықорғандағы әскери коммиссариат ғимаратында атыс болғаны, желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар жарияланғаны туралы хабарланған еді.

Тағы оқыңыз:

Алматыда тұрғын үйлердің жеделсатысының жартысынан көбі талапқа сай емес болып шықты

Сауда, ойын-сауық орындарындағы тексеріс: Еліміздегі 75 нысанның үшеуі ғана қауіпсіз болған

Қазақстан 120 бітімгерді Ливанға аттандырмақ

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар