Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауда, ойын-сауық орындарындағы тексеріс: Еліміздегі 75 нысанның үшеуі ғана қауіпсіз болған

Елімізде 75 нысанның үшеуі ғана қауіпсіз болған. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында аталмыш Комитет төрағасы генерал-майор Владимир Беккер мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

Тексеріс нәтижесінде анықталған кемшіліктерге байланысты 72 заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Еліміздегі ойын-сауық орталықтары мен ірі сауда дүкендеріне бір аптада жүргізілген тексерістің алдын ала ақпаратын ұсынамыз. Премьер-Министрдің тапсырмасы негізінде барлық ірі ойын-сауық орталықтарын ауқымды түрде тексеру жұмыстары басталып кеткен болатын. Өткен аптаның дүйсенбісінде 207 тексеріс жұмысы басталса, қазіргі дейін (6 сәуірдегі жағдай бойынша) 308 тексеру жүргізілді. Яғни, бір аптаның ішінде 75 нысанды тексеру жұмысы аяқталды. Тексерілген нысандарда 1 мыңнан астам бұзушылық (1037) анықталды. Бұзушылықтар 3 нысанда ғана анықталған жоқ. Олар: Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы 2 базар және Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы «Делюкс» СО», – дейді Беккер.

Тексеріс нәтижесінде 1 миллион 193 мың теңге айыппұл салынды.

«Жалпы алғанда ойын-сауық нысандарынан бұзушылықтардың барлық түрлері анықталды. Бұл – эвакуациялық шығу есігінің жабық болуы, өрт дабыл белгісінің жұмыс істемеуі, автоматты түрде өрт сөндіру жүйесінің жұмыс істемеуі, эвакуация жолдарының қоқысқа толып қалуы, эвакуация жолына арналған орында сауда нүктелерінің орналастырылуы және тағы басқалар. Демек, белгілі бір нысандағы бұзушылықтардың саны 3-тен 30-ға дейін жетіп отыр», – дейді ол.

Бұдан былай ТЖК комитетінің сайтында «Мұнда қауіпсіз емес» атты рубрика орналастырылған. Тксеру құжаттарының барлығы сонда жарияланады.

Оқи отырыңыз:

Ұрыс-керіс көп үйде туған бала 6 айынан стресске ұшырайды

ОҚО-да 5 жасар бүлдіршінді ұлттық бюро қызметкері судан аман алып қалды

Қазақстанның төрт облысында үсік жүруі мүмкін

Рулардың атымен аталатын ас мәзірі елді таңғалдырды

Талқылау