Астанада күзетші абайсызда құны 2,5 миллион теңге тұратын әшекей бұйымдарды қоқысқа тастап жіберген

Елордада зергерлік дүкеннің күзетшісі 2,5 миллион теңге тұратын білезіктерді байқамай қоқысқа тастап жіберген. Салмағы 5 келі болатын күмістен жасалған авторлық әшекей қоқыс жәшігінде болған.

Астанада күзетші абайсызда құны 2,5 миллион теңге тұратын әшекей бұйымдарды қоқысқа тастап жіберген

Бұл туралы Елорда Инфо хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Біз тауарды Ақтауға жіберуіміз керек еді. Дүкенде мен екі күн бойы қоқыс салып жүрген қорап тұрған. Менің ағам қораптағы қоқыстарды лақтырып, онда зергерлік әшекейлер салынған пакетті салып қойған. Мен қоқысты контейнерге тастағанымды білмеймін», – деді Елорда Инфо күзетші Жандос Әмірхановтың сөзін келтіріп.

Күзетші қателік кеткенін бір сағат өткеннен кейін ғана білген. Контейнердегі зергерлік бұйымдарды іздеу кезінде қорап бос болған.

«Зергерлік бұйымдар салынған пакетті біреулер алып кеткен. Біз оларды белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, яғни үйсіздер алып кетуі мүмкін деп ойлаймыз. Маңайдағы барлық бейнебақылау камераларын қарап шықтық. Көп камераның ішінде, біреуі қоқыс айналасына бағытталмаған. Мен бұл бұйымдарды таба алатынымызға сенімдімін. Себебі мұндай әшекейлер тек тапсырыспен ғана жасалады, яғни бұл эксклюзивті бұйымдар», – деді Әмірханов.

Оның айтуынша, келтірілген шығынның мөлшері 2,5 миллион теңгені құрайды. Дүкен басшылығы полицияға арыз жазған. Сондай-ақ, күзетші зергерлік бұйымдарды тапқан адамға сыйақы беріледі дейді.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелінің екінші күйеуін тонап кеткен

Соққыға жығылған ер адам түсірілген видео: Астана полициясы көмек сұрады

Миллиардер Илон Маск Google-дан Қазақстан президенті туралы мәлімет іздеді

Қазақстандық студенттер әзірлеген жоба Ресей ғалымдарын таңғалдырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар