Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соққыға жығылған ер адам түсірілген видео: Астана полициясы көмек сұрады

Астана полициясы ер адамды соққыға жыққан күдіктінінің аты-жөнін анықтау үшін халықтан көмек сұрады. Бұл туралы Астана қаласының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Соққыға жығылған ер адам түсірілген видео: Астана полициясы көмек сұрады

Бұған дейін әлеуметтік желілерде автобус аялдамасында отырған қарт кісіні белгісіз адамның ұрғаны түсірілген видео пайда болды. Астана қаласының ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл факт бойынша полицияға ешқандай шағым түскен жоқ.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «бұзақылық» бойынша тергеуге дейінгі бірыңғай тізілімде тіркеліп тұр. Күдікті адамды анықтау және ұстау үшін жедел-іздестіру шаралар кешені жүріп жатыр. Бұған қоса, болған жағдайды түсіндіру үшін жәбірленушіні анықтау бойынша шаралар қабылдануда», – делінген ведомствода.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті бұл іске қатысты азаматтардан көмек сұрайды.

«Егер қандай да бір ақпарат белгілі болса, Астана қаласы Сарыарқа ауданының ІІБ-на немесе 8 (7172) 71-66-10, 71-66-11, 71-61-24 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Миллиардер Илон Маск Google-дан Қазақстан президенті туралы мәлімет іздеді

Қазақстандық студенттер әзірлеген жоба Ресей ғалымдарын таңғалдырды

Екеуі дос болған: Министр полковниктің өліміне қатысты түсініктеме берді

Қазақстан 120 бітімгерді Ливанға аттандырмақ

 

 

Талқылау