Ақмола облысында үйір жылқыны қырып салған белгілі кәсіпкер болып шықты

38 жастағы Алмас Бөбенеев есімді кәсіпкер малдың күзден қалған арпаны күйсеп бітіргеніне ашуланып, мылтықпен оқ жаудырған.

аттарды өлтірген

Бұл туралы STAN.KZ КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Ақмола облысында өрісте жайылып жүрген үйір жылқыны әлдекімнің қырып салғанын хабарлаған болатынбыз. Сол оқиғаға жауапты Зеренді ауданындағы «АгроКZ» серіктестігінің директоры болып шықты.

Ланд Крузеріне таң ата қару артып, өріске келген Бөбенеев 6 жылқыны жайратып, қансыраған күйі қалдырып кеткен. Төртеуін малшылар бауыздап үлгерді. Ал аяғынан жараланған екеуі ақсаңдап жүр. Жылқышылардың күдігі бойынша ұсталған кәсіпкердің қымбат көлігінен аңшы мылтығы тәркіленді. Серіктестік басшысы күзде орылмай қалған арпаны сақтап қалу үшін оқ атуға мәжбүр болдым деп ақталуда. Тіпті жануарлармен жаз бойы алысқанын айтып, тіпті иелеріне айыппұл да салмақ болыпты. Дегенмен қазір қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Кәсіпкер енді қомақты айыппұл төлейді немесе 2 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар