Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақерке Тәжібаева бал айының суреттерін көрсетті (фото, видео)

Елімізге танымал қобызшы Ақерке Тәжібаева бал айындағы суреттерін көрсетті. Мұнымен қатар, саяхаттан алған әсерімен бөлісті.

image

Фото: instagram.com/akerke_tazhibayeva/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Қайрат Нұртастың бөлесі Ақерке Тәжібаеваға сырға салынған-ды. Артынша сәуірдің 28-і күні ұзату, мамырдың 8-і күні үлкен тойларын өткізді. Ақерке тілшімізге берген сұхбатында тойға дайындықтың қалай өтіп жатқанын, сүйіктісінің қалай ұсыныс жасағанын айтып берген болатын. Енді міне әлеуметтік желідегі парақшасына бал айында түскен суреттерін салып, қуанышымен бөлісті.

Қобызшы ару жолдасымен бірге Тайландқа демалуға барған. Аталған елде бірнеше қаланы аралап, аралдарға барған. Бұдан өзге Бангкок қаласының көрікті жерлерінде болып, Қасиетті Будда ғибадатханасы мен мүсінін көріп қайтқан екен.

13108606_1200023326698416_2101565570_n

13167342_602001286634165_1820024910_n

13181555_1737472229831150_923259018_n

Мұнымен қатар, әлемдегі Гиннес рекордтар кітабына енген – Сиам Нирамит фантастикалық шоуын тамашалаған. Ақерке аталған шоудан алған әсерін сөзбен жеткізе алмайтынын айтты. Тіпті, көпшілікке баруға кеңес берді.

13116797_1718550755085595_617415177_n

13181522_1750832778536973_1448362603_n

13269436_1589887648007438_1448867781_n

13259507_1704390113147657_875050244_n (1)

13181269_849964058480730_962888781_n

Rocket фестивалі аясында өткізіліп жатқан түрлі шараға қатысқан екен. Жолдасы екеуі өзге елдің мәдениетімен танысып, діни ошақтарын көріп, өздерінің мұсылман болып жаратылғандарына шүкіршілік еткен.

13297968_795225403940866_515211918_n13285477_240062779698225_1319666078_n

“Кейбір халықтардың сенімі, діні жəне ғибадат ететін жерлері басқа екенін көре отырып, өз дініміздің Ислам болғанына шүкіршілік етемін!” – дейді Ақерке Тәжібаева.

Ұзату тойын ата-анама салмақ салмай, өзім жасадым деген ермінезді бойжеткен муа-тай боксын тамашалауды да ұмытпаған. Тіпті, Самуи аралдарына барып үлгерген екен.

#thailand#bangkok#beutifulday#grandpalacebangkok#honeymoon#spring

Видео опубликовано Akerke Tazhibayeva💐 (@akerke_tazhibayeva)

Ұлттық аспаптарын да көріп, тыңдадық.. 🎶🎵 #bangkok#thailand#musician#music#nationalmusic#honeymoon#spring

Видео опубликовано Akerke Tazhibayeva💐 (@akerke_tazhibayeva)

Қуанышқа толы бал айы Намуанг сарқырамасына барумен жалғасқан. Әзірге саяхаттарының қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Жас жұбайлар демалыстарының әлі де созыла түскенін қалайтынын айтты.


Жіберіп алмаңыз:

Қобызшы Ақерке Тәжібаеваға сырға салды (фото, видео)

Қобызшы Ақерке Тәжібаеваның ұзату тойы өтті (фото, видео)

Ақерке Тәжібаева сүйіктісі туралы айтып берді

Ақерке Тәжібаева: Сүйіктім айтқан соң бір күнде жұмыстан шықтым

Ақерке Тәжібаева өз тойында қобызбен күй тартып қонақтарын қуантты (видео)

Талқылау