Ақерке Тәжібаева: Сүйіктім айтқан соң бір күнде жұмыстан шықтым

Сәрсенбі, 4 Мамыр , 2016 16:19

Жезтаңдай әнші, айтулы қобызшы, ұстаз, жақында ғана жас отаудың табалдырығын аттап келін атанған қазақ сахнасының жарық жұлдызы Ақерке Тәжібаева stan.kz тілшісіне берген сұхбатында сүйіктісімен қалай танысқанын, бүгінде келіндік міндетін қалай атқарып жүргенін айтып берді. Мұнымен қатар, өзін тек Қайрат Нұртастың бөлесі деп білетіндерге ренішін жеткізді.

12353315_1657017541236946_1662427674_n

Фото: instagram.com/akerke_tazhibayeva/

28 сәуір күні ұзатылған бойжеткеннің үлкен тойы мамырдың 8 жұлдызына жоспарланған. Аталған қуанышты жігіттің ата-анасы туып-өскен Ақтөбе қаласында өткізбек.

– Ақерке болашақ жарыңызбен Америкада танысқандарыңыз рас па? Ол кісінің өнерге қатысы бар ма?

– Мұндай ақпараттың таралғаны рас. Алайда Америкада емес, Англияда таныстық. Ол кісі аталған мемлекетте Болашақ бағдарламасымен білім алып жатқан болатын. Өзі – заңгер. Ағылшын, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Жапонияда тәжірибе жинап қайтқан. Бізді байланыстыратын осы халықаралық деңгей сияқты. Өйткені мен өз саламда, ол кісі өз саласында жүріп ел мен жер көрді. Түрлі елдің мәдениетімен танысты. Бағдарлама бойынша жолдаманы да өзі күшімен ұтып алды.

Таза еңбегімен жұмысқа тұрып, анасы мен отбасын асырап келеді. Толық аты-жөнін құпия қалдырғым келіп отыр. Қайрат Нұртас отбасын жасырады, Ақерке де бөлесіне еліктеп жүр деп сөкпеңіздер. Меніңше, әрбір қыз баласының, өнер адамының жеке өмірі болуы тиіс. Мұнымен қатар, сүйіктім де өзіне жарнама жасап, іштегі дүниені сыртқа жайғанды ұнатпайды. Маған дәл осындай өтініш айтқан болатын.

13129416_1719445545005969_77691096_n

13166976_1712544652345098_2104697405_n

– Екеуіңіз де шетелге жиі шығасыздар. Ал романтикалық ұсынысты қайда жасады?

– Біздің қарым-қатынасымыз телефон арқылы жүзеге асып, анда-санда елге келіп-кетіп жүрді. Өзім өнерде жүріп, ата-анаммен бірге тұрғандықтан, көп көрісе алмадық. Екеуіміз де оқыған азамат болған соң, бір-бірімізді тану жеңіл болды. Бір көргеннен-ақ сөзсіз түсінісіп, отбасыларымызбен араласып кеттік. Бірақ мен болашақ жарымның отбасын өзіме құда түсуге келген кезде ғана көрдім. Енеммен сол мезетте ғана таныстым.

Романтикалық ұсынысты Қазақстан қонақ үйінің 25 қабатында орналасқан мейрамханада жасады. Ол жерден Алматы алақандағыдай көрінеді. Дәл сондай әдемі көріністің алдында тұрып маған жүзігін ұсынды. Ұсыныс біраз уақыт бұрын жасалған болатын. Мен көз тимесін деп жасырып жүрдім. Жақында ғана сырға салынып, ұзату тойы өтті. Енді міне үлкен тойға қызу дайындық жүріп жатыр. Барлығы өз ретімен келе жатыр.

– Оңтүстіктің қызы Батыста келіндік міндеттерін қалай атқарып жүр? Үй шаруасында қиналған жоқсыз ба?

– Халық өнер адамдарының үй шаруасына икемі жоқ, қолдарынан түк келмейді деп ойлайды. Бұл жәй ғана қалыптасып қалған жалған пікір секілді. Келгелі таңертең тұрып, шай беріп, сәлем салып жүрмін. Іштей еш өкінішім жоқ. Қайын жұртым да өте жақсы. Бастапқыда дәстүрлеріміз бен сөйлеу мәнерімізде өзгешіліктер бар деп қорыққаным рас. Қанша қорықсам да, Оңтүстіктің қызымын ғой. Дәл қазір келін болып жүрген алғашқы күндерім дегендей. Менің ойымнан шығып, мен де оларға ұнап жатқан сияқтымын. (Күлді). Ыстық лебізбен қабылдап жатыр.

13130055_1344373782256223_2093529546_n

– Алдағы уақытта да Ақтөбе қаласында тұрақтайсыздар ма?

– Жоқ. Осы жерде бір аптадай уақыт болып, той өткен соң Астанаға барамыз. Жолдасымның отбасы да, жұмысы да сол жақта. Мен де еліміздің бас қаласынан салама сәйкес жұмыс тауып, жақсы отбасы боламыз деген ниеттемін. Алла жазса той алдында екінші құдалық өтеді. Алыстан ат терлетіп, ата-анам келеді.

– Халық сіздің жиі көріне бермейтініңізді айтады. Отбасын құрған соң сахнадан мүлдем алыстап кетпейсіз бе?

Мен дәстүрлі өнердің насихаттаушысы болғандықтан, теледидарға шығып, бейнебаяндарымды ротациялауды мақсат тұтпаймын. Жалпы қобызымды ешуақытта тастаған емеспін. Консерваторияда студенттерім бар.  Ахмет Жұбанов атындағы мектепті бітіргелі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік консерваторияда дәріс беріп келемін. Той алдында бұл жұмыстан шықтым. Дәстүрлі қазақ өнерін тыңдайтын қазақстандықтар менің қай жерде жүретінімді жақсы біледі.

Жыл сайын бірнеше елде өтетін фестивальдерге қатысамын. Биыл бір аптадай уақыт Америкада болдым. Түркі әлемінің музыкашыларына жол салған үлкен концерттік шараға атсалыстым.  35 ел музыкашыларының басын қосып, үлкен оркестр ұйымдастырып, оларға ноталарды жіберіп, бір-бірімен онлайн араласуға жағдай жасадым. Әртүрлі елді қамтыған концерттік бағдарламаны ұйымдастыру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Одан басқа әлемдегі көптеген іс-шараға қатысамын. Қазақстандықтардың мені көп көре бермеуінің себебі де сол болар.

917443_1312968735396357_739795906_n

12338535_990743110967807_2079009714_n

– Сүйіктіңіз өнерде жүруіңізге қарсы емес пе?

– Керісінше, дәстүрлі өнерді насихаттағанымды қалайды. Менің екінші мамандығым халықаралық қатынастар болатын. Алматы қаласы әкімдігі Туризм басқармасында қызмет істедім. Жолдасым менің басты мақсатымның дәстүрлі музыканы насихаттап, оны келесі ұрпаққа тарату екенін айтты. Осылайша, сүйіктімнің сөзінен кейін бір түнде ойланып, ертесінде жұмыстан кету туралы шешім қабылдадым. Тамыз айында әкімдіктен кеттім. Жұмыстан шығу туралы арызымды көрген кезде барлығы таңқалды. Бұл шешімім үшін өкінбеймін. Өмірдің бір сынағы ғой. Туризм басқармасында жүріп өзім білмейтін дүниелерді үйрендім, талай жаңалықтың куәсі болдым.

– Соңғы кезде тойыңызды Қайрат Нұртас жасап бергені айтылып жүр. Бұл қаншалықты рас?

– Мені ренжітетін осы жайт. Тойым туралы ақпаратты Қайрат Нұртастың бөлесі, қарындасы, әпкесі деп таратқандарына ренжулімін. Өнерге Қайраттан бұрын қадам басқанмын. Одан жасым да үлкен. Қайрат эстрада өнерін насихаттаса, мен дәстүрлі өнерді насихаттаймын. Әрине, екеуіміздің ара-қатынасымыз өте жақсы. Гүлзира әпкемді де туған анамдай көріп, сырыммен бөлісемін. Тойымды өз күшіммен жасадым. Сценарийді, безендіретін гүлдерді, мәзірді – барлығын өзім ойластырып, өзім таңдадым. Америкаға кетердің алдында барлығын ретке келтіріп бірақ кеттім.

Халық жанымда жүріп, көзбен көрмеген соң олай айтпаса екен деймін. Тойды жасап берді дегенге қоса  Қайрат Нұртасты тойына ақша беріп шақырыпты деген сынды мәдениетсіз сөздер естіп жатырмын. Мұның барлығы жүрегіме қатты тиеді. Өйткені күнде таңертең тұрып, инстаграмымды бір оқып шығамын. Кім не десе де, шындық бір Аллаға аян ғой.

11258197_540635086098954_2032436446_n

– Сіз дәстүрлі өнердің насихаттаушысыз. Үнемі өзіңізді қазақтың ұлттық киімінде көреміз. Бірақ өз тойыңызда басқа стильдегі көйлек киюіңіздің себебі неде?

Мен қандай фестиваль, концерт болсын, ұлттық киім киіп жүрген қыздардың бірімін ғой. Бұл той өмірімде бір-ақ  рет болатындықтан, ерекшелеу өткенін қаладым. Нәзік шабдалы реңіндегі көйлекті таңдадым. Аталған көйлектің эскизін өзім сызып, “Аруназ” ательесіне тіктірдім. Сол жердегі Мәдина сіңіліме алғыс айтқым келеді. Көп қыз сатып алғысы келіп жүр. Оларға да ұнағанына қуаныштымын. Жарты матасы Италиядан әкелінген көйлектің бағасын айтып жатқаным маған ұят болар. Оны жасырып қалайын.

Жақын күндердің бірінде отбасылық өмірге қадам басқалы отырған бойжеткен жолдасымен бірге Астана қаласында тұрмақ. Аталған қалада ЖОО-да дәріс беріп, шәкірт тәрбиелемек ниетте. Мұнымен қатар, 8 мамырға жоспарланған тойының суреттерімен бөлісуге уәде берді.

Сұхбаттасқан: Қарлыға Бүйенбай


Жіберіп алмаңыз:

Қобызшы Ақерке Тәжібаеваға сырға салды (фото, видео)

Қобызшы Ақерке Тәжібаеваның ұзату тойы өтті (фото, видео)

Тәжібаева сүйіктісі туралы айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Бундайда жулдыз бар ма еди? Сонша мактанып тастапты гой…..

    • Жұмбақ жан says:

      Бақытты болыңыз!!!!!!!

    • Жұмбақ жан says:

      сен билмесен болды ма не? биз билемиз! коринип тур улттык музыканы тындамайтынын!

  • Жұмбақ жан says:

    Maktanshak siaktyma ozi?!

    • Жұмбақ жан says:

      Адам шындыкты айтса дереу мактаншак дейсиндер. Дастурли музыканы тындамаган сон, улттык музыка концерттерине бармаган сон сендер билмейсиндер! Акеркенин бул салада еткен енбегин орасан зор.

  • Жұмбақ жан says:

    АЛЛА тагала куат берсин, жар болсын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар