Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қобызшы Ақерке Тәжібаеваның ұзату тойы өтті (фото, видео)

23 сәуір күні қобызшы Ақерке Тәжібаева қуанышты жаңалығымен бөлісіп, өзіне сырға салынғаны туралы хабарлаған болатын. Енді міне бойжеткеннің ұзату тойы да өтті. Ол Ақтөбе қаласына ұзатылды.

image

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Күні кеше еліміздің салтанатты мейрамханаларының бірінде Ақерке Тәжібаеваның ұзату тойы өтті. Қобызшы арудың қуанышын бөлісуге барша туысқандары, достары келген. Мұнымен қатар, тойда туған бөлесі Қайрат Нұртас, Айжан Нұрмағамбетова, Шаһизада, “Азия” тобының жігіттері сынды танымал жұлдыздар да болды.

13113924_1714388055475337_1821535347_n

13108931_560970460743741_2058327065_n

13102439_1185976518088709_700288738_n

Ұзату тойды “Азия” тобы “Қазақ қызы” әнімен ашқан. “Ақеркешімді бүгін шығарып салдық. Барған жеріңде бағың ашылсын! Сыйлап келген өнер адамдарының есебі жоқ. Той өте жоғары деңгейде өтті. Аллаға сансыз шүкір! Қуанышымды сіздермен бөлісуге асықтым. Сіздердің әрбіріңіздің тілектеріңізді Алла қабыл етіп, екі жас бақытты да баянды өмір кешсін”, – деп продюсер Гүлзира Айдарбекова әлі де бөлісер видеосының көп екенін жеткізді.

Тойы Азия тобы ашты.

Видео опубликовано Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Акеркешимизди бугин узатып шыгарып салдык. Барган жеринде багы ашылсын!

Видео опубликовано Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Тойда би де биленіп, ән де шырқалды. Қайрат Нұртас пен Нұртас Айдарбеков бірнеше ән орындап, халықты қуантты. Әзірге Ақтөбеде жалғасын табатын тойдың қашан болатыны белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Қобызшы Ақерке Тәжібаеваға сырға салды (фото, видео)

Талқылау