Ақбота Сейітмағамбет: Жеке өмірімнен хайп жасаймын деген ой болған жоқ

Ақбота Сейітмағамбет танымал КешYou тобында ән салғанымен, көпшілік оның жеке шығармашылығымен таныс емес. Есесіне жеке өміріндегі тосын оқиғалар жайлы бүкіл Қазақстан біледі. Алайда Ақботаның о бастағы мақсаты мұндай болмаған.

Ақбота Сейітмағамбет

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Аяғым ауыр кезде тыңдармандарыма уәде берген болатынмын. Тек қана жеке шығармашылығыммен, жаңа түсіп жатқан киноларыммен, сериалдарыммен, жүргізушілік жағымнан қуантамын деп… Ал енді жеке өміріме араласып, біреуді хайп қыламын немесе отбасымды хайп қыламын деген менде ой да болған жоқ”, – дейді Ақбота ақталып.

Жас әншінің айтуынша, оның жеке өмірі еріксіз елге жария болып кеткен.

“Аяғым ауыр кезде ондай жағдайға қатты мән бердім, жыладым. Сұхбат кезінде барлық сұрақтарға жауап бере бастадым. Енді уақыт өте келе адамның ой-санасы өседі, дамиды. Ол кезде әр журналистің сұрағына жауап бере беріппін. 19 жастағы бала болдым, кішкентай болдым”, – дейді Ақбота.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ақбота Сейітмағамбет продюсер Жанна Әбуовамен бірге жұмыс істеуде. Ол Әбуованың сәтті “жобасы” Қуандық Рахыммен бірге ел-елді аралаған болатын. Сондай-ақ, Ақбота белгілі тележүргізуші Дәулет Бижановпен той басқара бастаған.

Тағы оқыңыз: 

Қазақстан жұлдыздары халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады

Карина Абдуллина марқұм Шүкеновпен және Сыздықовпен түскен суретін жариялады

Мені, кәрі күнәһарды да кешір: Тұрым Алагөзов келіні Баяннан кешірім сұрады

Айсәуле Бақытбек: Ешкімнің өткенін бетіне басуға болмайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар