Ақан серінің ғашығының қолында қалған домбырасы табылып, музейге тапсырылды

Сейсенбі, 12 Қыркүйек , 2017 13:07

Бірнеше күн бұрын Ақан сері Қорамсаұлының Ақтоқтының туыстарының қолында қалған домбырасы табылып, Алматыдағы Халық аспаптар музейіне тапсырылды. Қуанышты хабарды Рамазан Стамғазиев бөлісіп, серінің домбырасымен ән шырқады.

21372615_267718180400268_1073581321072148480_n

Сурет: Рамазан Стамғазиевтің жеке парақшасынан

Бұл туралы Бірінші арнаның “Қалаулым” бағдарламасында айтылды.

“Ақан Сері бабамыздың домбырасы осы ғасырға жетеді, осы ғасырда үлкен мұражайға қойылады деген үш ұйықтасам да түсіме кірмеген екен. Біздер бала кезімізден Ақан Серінің өмірімен таныстық. Ол туралы жазылған үлкен романдарды оқыдық. Гәстрөлдік сапарлармен сонау Көкшенің биігінде Ақанның жүріп жүрген жерлерін, баяғы Құлагердің шаңы шыққан киелі өңірлерінің барлығын аралап шықтым. Бірақ, осы жақында ғана Ақан серінің домбырасы табылды деген кезде біз бірден сенгеніміз жоқ. Осыдан біраз уақыт бұрын Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығын жинау үшін Сәкен Жүнісов ағамыз “Ақан сері” атты роман жазды.

Сол романды жазу үшін Ақан серінің жүрген ортасына барып көне көз қарияларды аралап жүріп сол кезде Ақтоқтының туыстарының қолында қалған Ақан серінің домбырасын Сәкен Жүнісовке тапсырған екен. Содан осы домбыра Сәкен ағамыздың үйінде көп жыл жатады. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырза келгелі осы көне дүниелерді қайтадан орнына қайыру, мәдениетке деген үлкен көңіл бөлінді. Дәстүрлі театрлар ашылып жатыр. Сонау ғасырда қалған адамдардың дүниелерін мұражайға әкеліп қойғызып жатыр.

Осы мақсатпен іздеу салып, Сәкен ағамыздың үйіндегі қыздарынан хабар алып сол домбыраның бар екенін біліп қуандық. Қуанғаннан аузымыздан сөз шықпай қалды. Бұған үлкен көмек жасаған қаламыздың әкімі Бауыржан Байбек мырза. Ал енді соны қазір Ықылас атындағы Халық аспаптар мұражайына, атақты жыршы Ұлжан Байбосынова бастаған ұжым сол домбыраны алып келіп, екі күн бұрын ардақтап Ықылас пен Біржан салдың домбырасының қасына Ақан серінің де домбырасы қойылды. Біз де қарап қалмай, ұрланып кіріп, домбыраны ұстап, суретке түсіп үлгердік. Арасында өлең де айтып алдық”, – дейді Рамазан Стамғазиев.


Жіберіп алмаңыз:

Рамазан Стамғазиев: Бір-бірімізді көрмей кеткен күндеріміз болған. Бірақ махаббат жібермеді

Нұрлан Еспанов Қайрат Нұртастың жұбайына ағалық кеңесін айтты

Ақбота Сейітмағамбет Баян Мақсатқызынан қорқып жүргенін айтты

Динара Сұлтан: Күйеуіме көз тиеді деп жасырып келдім

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар