Рамазан Стамғазиев: Бір-бірімізді көрмей кеткен күндеріміз болған. Бірақ махаббат жібермеді

Сейсенбі, 12 Қыркүйек , 2017 12:53

Рамазан Стамғазиев алғаш рет келіншегі Ұлту Қабаевамен қалай танысып, табысқанын айтып берді. Қос ғашық бір оқу орнын тәмамдап, Алматыға бірге көшіп келген екен.

21373667_124365358217420_109463469241139200_n

Бұл туралы Бірінші арнаның “Қалаулым” бағдарламасында айтылды.

“Баяғыда маған “Әкеңді жақсы көресің бе? Шешеңді жақсы көресің бе?” деп сұрақ қойып еді. Сол кезде қатты қиналғаным бар еді. Бүгін екінші рет қиналып отырмын. Өзім бір жағынан әншімін, екінші жағынан мұғаліммін. Алдыма осы Қазақстанның түкпір-түкпірінен жастар жиналады. Оларға да осы тәлім-тәрбиені шамамыз келгенше айтып отырамыз. Түсіндіріп, жол көрсеткіміз келеді. Бірақ, бізді тыңдап жатқан жастардың пайызы аздау. Өйткені, жаңа заман, жаңа ағым, жаңа уақыт, жаңа орта дегендей. Ең алғаш арман қуалап Алматыға келіп, осы жердің тұрғыны болғымыз келді. Осында алдыңғы буын ағаларымыздың өкшесін басып, солардың қатарында сапқа тұруды армандап келдік.

Бұл 1987 жыл еді. Оқуға сіздер секілді өрімдей-өрімдей мықты жастар келді. Әрқайсымен танысып, дос болғымыз келді. Бірақ, өмір деген – үлкен жол. Ол жаныңа ең жақын адамдармен, сенімді жүретін достармен елеп алып шықты. Мен Қайрат Байбосынов ағамыздың қолына, Халық бөліміне оқуға түстім. Ал жұбайым Ұлту эстрада бөліміне түскен. Бірақ, біздердің сол алғашқы күннен бастап сөзіміз де жарасты… Студент кезімізде үкіметтің тапсырмасымен бір ай бойы демалыста жартымыз алма теретін, қалғандары темекі немесе мақта теретін. Ал бізді Қоғалының картобын теруге алып барған еді. Сол жерде 80 баланың ішінен 25-і бір ана, бір әкеден туғандай жақын болып кетті.

Ең алғашқы нәрсе бізде достық болды. Адам сенім артқан адамына Құдайындай сенеді. Біз сол жан-дүниеміздегі құпияны бөлісуге жарайтын адамның бірі болып, Ұлтумен қатты араластым. Оқи жүріп үлкен сахналарда тұсауымыз кесіле бастады. Киелі сахналарға шығу үшін шығармашылық байланыс өте мықты болды. Ұлтудың жанында да мықты-мықты қыздар болған сол кезде. Бірақ, Алла тағаланың маңдайыңа жазғаны, өмір өткелдерінен сүзіп алғандағы өмірлік досым, өмірлік жан-жарым осы Ұлту Қабаева есімді ханым маған бұйырды”, – дейді Рамазан Стамғазиев.

Дәстүрлі әнші сүйіктісінің жауабын күтіп жүріп біраз қиналғанын жасырмады. Шымкенттің қызының жүрегін жаулау үшін барын салғанын айтады.

“Жауабын созды ғой. Мен не көрмедім?! Екі жыл оңай дейсің бе? Ұлту бір үйдің ерке қызы болды. Одан кейін “жоқ” деген нәрсе бұларда болмады. Бұлар кәдімгі ауылдың тәлім-тәрбиесін алған, үлкеннің ақыл-кеңесін тыңдаған, үлкен ақсақалдың қолында тәрбиеленген. Бар мен жоқтың ар жақ, бер жағын біліп өскен қыз. Шыны керек, алғашқы танысқанымыздан бастап бір тілде сөйлестік. Шымкенттің қыздары бірден беріле салмайды ғой. Ақырын-ақырын өкпелесіп қалған күндеріміз де болды. Ұрысып қалған күндеріміз де болды. Осыдан бір-бірімізді көрмей кетерміз деген күндеріміз де болған. Бірақ, махаббат жібермейді екен. Алыстап кетсең, жақындатып қояды. Өкпелеп кетсең, татуластырып қояды. Оның ең кереметі – адамды жақсы көрген кезде, оның барлық қателігін кешіреді”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Нұрлан Еспанов Қайрат Нұртастың жұбайына ағалық кеңесін айтты

Ақбота Сейітмағамбет Баян Мақсатқызынан қорқып жүргенін айтты

Динара Сұлтан: Күйеуіме көз тиеді деп жасырып келдім

Қайын жұрт пен төркін: Жазира Байырбекованың екі елді салыстыруы жұрттың көзіне жас келтірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар