Ақан Сатаев “Аудандар” фильмінің түсірілім жұмыстарына кірісті
Ақан Сатаев Әсел Сағатова, Жандос Айбасов, Данияр Алшынов секілді танымал жұлдыздар қатысатын фильм түсіріп жатыр. “Ауданда” деп аталатын туындыда “Алау” тобының жігіттері де бой көрсетуі мүмкін.

Фото: instagram.com/casting_sataifilm/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Танымал режиссер Ақан Сатаев “Аудандар” атты туындысының түсірілім жұмыстарына кірісті. Аталған туындыда Алматы қаласының 80-жылдардағы шындығын көрсетпек. Ол мұның Кеңес Өкіметі заманында тәрбиеленген азаматтар үшін де, бүгінгі жастар үшін де қызықты болатындығын айтады. Фильм желісіне келер болсақ, басты кейіпкер Әрсен 1987 жылы шет жақтан қаланың ортасына көшіп келеді. Жігіттің жаңа мектебінде өзіне көптеген дос табады.
Фото: instagram.com/asselsagatova/?hl=ru

Фильмде Әсел Сағатова, Жандос Айбасов және Данияр Алшынов сынды танымал жұлдыздар ойнаса да, басты рөл бұрын-соңды бағын сынап көрмеген актерлерге бұйырған. Ерекше команда жасақтау үшін кастинг бірнеше ай бойы жүргізілген екен. Әзірге фильмнің көрермендерге нақты қашан жол тартатыны белгісіз.
Жіберіп алмаңыздар: Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмінің трейлері жарық көрді (видео) Тағдыр қоспаса да, халық қосқан жұлдызды ғашықтар Әлия Назарбаеваның «Анаға апаратын жол» фильмінің қашан көрсетілетіні белгілі болды Қарағандыға Головкин мен шетелдік арнаның түсірілім тобы келді
Талқылау

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
Альбинаны көбіне қызының құрбысы немесе әпкесі деп ойлайды екен

Тұрғын үй кіреберісіне балалар арбасын, велосипед және тағы басқа зат қойғандарға қандай жаза бар
Подъезге жеке заттарын және қоқыс қойғандарға 19660 теңге айыппұл салынады