Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмінің трейлері жарық көрді (видео)

Танымал режиссер Ақан Сатаев "Анаға апарар жол" атты картинасын 2016 жылдың мамыр айында көрсетуді жоспарлап отыр. Аталмыш фильмнің жұртшылыққа жол тартуын шығармашылық топ жеңіс күнінің құрметіне орайластырмақ.

Безымянный
Сурет tengrinews.kz
Бұл туралы informburo.kz сайты хабарлайды. "Картина сюжеті Қазақстан аумағындағы бірнеше тарихи оқиғаны қамтып өтеді: ұжымдастыру кезеңі, барша халқымыздың трагедиясы - ашаршылық, екінші дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі жылдар", - делінген "Анаға апарар жол" фильмінің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында. Фильм қиын өмірді бастан кешіріп, соғыс жылдары мен тұтқындар лагеріне тап болған ер адамның өмірін баяндайды. Ол осы уақыттың барлығында үйде күтіп отырған анасына оралу үшін еңбек етеді. "Бұл сөз жоқ патриоттық кино. Біз адамдардың жүрегіне жол тауып, олардың жан-дүниесіне серпіліс әкелуге тырыстық. Бірақ, бұл ешқандайда жылаңқы картина емес. Біз көрермендердің талғамы мен бізден не нәрсе күтетінін жақсы түсінеміз", - дейді Ақан Сатаев. Еске сала кетсек, Ақан Сатаевтың жаңа киносының соңғы кезеңдері 2015 жылдың маусым айында түсірілді. Ол кинода өзі көрсеткен тарихи күрделі оқиға туралы мектепте оқып жүрген сәтінде естіген. Арада бірнеше жылдар өткен соң ол қазақтың басынан өткен сол бір қиын кезеңді экранға шығарып, барша аналардың құрметіне арнауды жөн көреді. Ақанның ата-анасы соғыстан оралмаған ұлын күткен әйел туралы айтады. Ол әр күн сайын ауылдың шетіне шығып, отырып ұлын күткен. Айта кетейік, картинаның алғашқы көрермені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Ақан Сатаев, президенттің шығармашылық топтың жұмысына үлкен баға бергенін айтты. Фильмде ана рөлін театр және кино актрисасы Алтынай Нөгербек сомдаған. Сонымен қатар, басты рөлдерде Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Еркебұлан Дайыровтар ойнайды. "Анаға апарар жол" картинасының сценариін Тимур Жақсылықов жазса, әуенмен өңдеген компазитор Әлім Заиров.
Талқылау