Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Назарбаеваның «Анаға апаратын жол» фильмінің қашан көрсетілетіні белгілі болды

Әлия Назарбаеваның продюсерлігімен «Анаға апаратын жол» фильмі 2016 жылы жарық көрмек. Кинотуынды Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналады.

2222222

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

«Фильм үлкен экранға 2016 жылы жол тартады», – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

Ақан Сатаевтің режиссерлігімен түсірілген фильм 2015 жылы маусым айында түсірілімін аяқтаған еді.

Кинотуынды Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналады. Фильмнің түсірілімдері Қазақстан мен Белоруссияда, Әзірбайжанда болған.

Оқиға желісі елдің басынан кешкен қиын-қыстау сәттері  мен тарихи кезеңдерінен сыр шертеді. Жекешелендіру ісі мен әскери жылдар да қалыс қалмайды. Оқиғаның басты кейіпкері – жетімдер үйінде өскен бала. Оның соғыста да, абақтыда да бастан кешкен сәттері баяндалады.

Белоруссиядағы кейбір көріністерде 500 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Және 300 адам жауынгерлік қарулармен түскен.

Әлия Назарбаеваның «Анаға апаратын жол» фильмінің қашан көрсетілетіні белгілі болды

2016 жылы Әлия Назарбаеваның продюсерлігімен «Анаға апаратын жол» фильмі жарық көрмек.

Талқылау