Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Asia ұшқыштары қателесіп басқа құрлыққа қонған

AirAsia әуе компаниясына тиесілі Airbus A330 ұшағы қателіктің кесірінен малайзиялық Куала-Лумпурға қонудың орынына Австралияның Мельбурн қаласындағы әуежайға барып қонған.

Air-Asia-QZ8501-crash-was-due-to-continual-malfunction-pilot-flaws

Фото: upi.com

Бұл туралы “Комсомольская правда” хабарлайды.

Жолаушылар мінген лайнер Сиднейден ұшып шыққан. Бұдан соң пилоттар навигациялық жүйедегі ақауларды анықтайды. Түзетуге тырысқан ұшқыштардың әрекеті жағдайды тығырықтан алып шықпай, керісінше одан сайын өршіте түседі. Бұл кезде олар ауа-райының әсерінен Сиднейге қайта орала алмайтын да еді. Мұндай жағдайда ұшқыштар тек визуалды ақпаратқа ғана жүгінуге мәжбүр болады.

Олар Мельбурнге ұшуды бақылап отырған диспетчердің көмегімен келіп қонады. Алайда кейін әуе кемесінің капитаны әу бастан ұшу координаттарын дұрыс жүргізбегені белгілі болған.

Оқиға наурыз айында болған. Бірақ, тек бүгін Австралияның транспорттық қауіпсіздік бюросының есебінен соң ғана белгілі болып отыр.

Талқылау