Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағылшынша рэпті мінсіз орындаған Ғаділбек желіні шулатты (видео)

Желіде әнші Ғаділбек Жанайдың ағылшын тілінде рэп орындаған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ғаділбек-220217

Видеоны желіге Мейрамбек Бесбаевтың шәкірті, жас әнші Райым Уайыс жүктеді.

Алғашқыда Райым мен Ғаділбек танымал хит “Ханшайымым” әнін бірлесе орындап, көпшілікті таңдай қақтырды. Одан кейін ағылшын тілінде ән айтып, рэп орындап, тыңдармандарын таңғалдырып жіберді.

“Ғаділбек екеуміз дуэт боламыз-ау осы. Мен әнін айтсам, рэпті ешкімге бермейін деп тұр ғой Ғаділбек”, – деп қалжыңдады Райым Уайыс.

Тыңдармандар Ғаділбектің орындаушылық шеберлігіне тәнті болды. Олар қазақ әншісінің әлемге танымал рэпер Snoop Dog-тан кем түспейтінін айтып жатты.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева “КешYou” тобының рэпті қалай айтатынын көрсетті (видео)

Жанат Бақыт өзінен 35 жас үлкен азаматпен көңіл қосқан қызды сынап тастады

Бүркіт тау бөктерінде Айшаға деген сезімін білдірді (фото)

Димаш жетінші кезеңде қазақша ән орындайды

Талқылау