Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адвокаттар арулар байқауындағы түсініспеушілік үшін колумбиялыққа 40 млн моральдық өтемақы талап етпек

Адвокаттар компаниясының пікірінше Арианду Гутьерресті тәжден айырған ұйымдастырушылар колумбиялыққа 40 миллион  моральдық зиян келтірген.

image127759

De la Espriella Lawyers Enterprise қорғаушылар кеңсесі «Ғаламшар аруы» байқауындағы келеңсіздікке қатысты шағым түсіретіндерін хабарлаған.

Лас-Вегаста өткен « Ғаламшар аруының» финалында комедиялық қойылымдардың актеры Стив Харви жеңімпаз Колумбия елінің өкілі Ариадна Гутьеррс деген. Қыз өткен жылдың жеңімпазының қолынан тәж бен гүлді алған. Араға бірнеше минутты сала отырып жүргізушілер өздерінің қателескенін айтқан. Барша елдің көзінше «Ғаламшар аруы-2015» Филиппин өкілі Пие Алонсо Вуртсбах деген.

«Тәж-біздің құқығымыз,бізді одан ешкім айыра алмайды.Осы үшін қазір шағым дайындап жатырмыз…»,-деп жазған желідегі парақшасында колумбиялық қоғаушылар фирмасының көкілі.

Қорғаушылардың сөзінше 40 миллион колумбиялықтың барлығына бірдей моральдық зиян келтірілген. «Шығынның көлемін есептеу мүмкін емес» дейді бюро қорғаушысы.

Бұдан бөлек сахнада бірер минуттан кейін тәжінен айрылған Колумбия елінің өкілі Ариадна Гутьеррс  жылап тұрып өз ойын айтқан еді. Бұл видео- сол күннің ең көп қаралған бейнеролигі атанды. Ариадна Гутьеррстің Facebook парақшасында 11 миллионнан астам адам қараған. Оқиғадан кейінгі бірінші сұқпатында Ариадна Гутьеррс  “Ештеңе де жайдан-жай болмайды” деген. Сондай-ақ, өзін қолдаған көрермендерге алғыс айтқан.

Ал АҚШ президенттігіне үміткер  Дональд Трамп  финалда сахнаға шыққан екі аруға жеңісті тең етіп бөліп беруді ұсынған еді.

Талқылау