Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абайдағы 7 жасар баланың зорлығы: Қызметінен шеттетілген мектеп директоры орнына қайтып келген

Түркістан облысының атышулы Абай аулында 7 жасар баланың зорланғаны белгілі болғаннан кейін қызметінен шеттетілген мектеп директоры бүгінде қызметіне қайтып келген. Сонымен қатар Бейбіткүл Селтанова амалсыздан жұмыста бола алмағандықтан, қызметінен шет қалған уақытындағы жалақысы төленетін көрінеді.

Абайдағы 7 жасар баланың зорлығы: Қызметінен шеттетілген мектеп директоры орнына қайтып келген

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Абай ауылында 7 жасар баланың зорланғаны белгілі болып, шу болған кезде мектеп директоры Бейбіткүл Селтанова да қызметінен шеттетілген еді. Алайда ол сот үкімі шықпай жатып қызметіне қайта жайғасқан. Дәл осы жайт мектепте шу туырыпты.

«Соттың шешімі бойынша орналастырылды. Білім бөлімінен екі адам келіп отыр. Сотталушының анасы жанжал шығарып жатыр деді. Барсам, айқай-шу болып жатыр екен», – дейді аталған мектепте директор міндетін уақытша атқарушы Бибіайым Қойлыбаева.

Айта кетсек, 7 жасар баланың зорланғаны туралы іске жуырда нүкте қойылып, сот шешімі шыққан еді.

Ал жәбірленген тарапқа қорғаушы болған Құрманғазы Мүсір оқиғаға байланысты шеттетілген қызметкерлердің орнынан кетпегенін айтып отыр. Тіпті, кей полиция қызметкерінің қызметі өсіпті.

Ал Бибігүл Селтанова өзінің ақталуы дұрыс екенін айтуда.

«Кінәм жоқ екені дәлелденді. Сотта ол оқиғаға еш қатысым жоқ екені дәлелденді. Аппеляциялық шағым түсіргенмін. Бұйрық бойынша орныма келдім. Бірақ директорлықтан бас тартатыным туралы жаздым да, мұғалім болып, бір үстемемен қала беретінімді айттым», – дейді Селтанова.

Бибігүл Селтанованың қызметіне қайтып келгенін Келес аудандық білім бөлімі де растады. Тек артынша өз еркімен мұғалімдікке ауысты, дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау