Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей Ораза айт құрметіне атылған отшашудан шошынғанын айтты

Абай Бегей жуырда екінші рет қажылыққа барып қайтты. Әнші бүгінде бес уақыт намазын оқып, ораза ұстап жүр. Ол ақшам намазы кезінде отшашудың даусынан шошып кеткенін айтады.

image

Фото: instagram.com/abai_begei/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Алла сақтасын, ақшам намазының азаны айтыла бергенде тарс еткен дауыс шықты! Қасымдағылардан сұрап едім, ертеңгі айттың құрметіне отшашу атылып жатқан шығар деді. Айтпақшы Мединада бүгін тағы ауыз бекітеді екен! Ораза айт мерекесі мүбәрәк болсын!” – дейді әнші.

Желі қолданушылары әншінің бұл сөзін Мекке Медине қаласында түскен суретімен байланыстырды. Әлгі суретте пайғамбар кесенесінен қара түтіннің шығып жатқанын байқауға болады.

Бірі қасиетті қалаға лаңкестердердің шабуылдап жатқанын айтса, екіншілері оған ақ тілектерін жаудырып жатты. Үшіншілері оның елге әлдеқашан келіп қойғанын, бұл суреттің жазбасымен еш байланысы жоқ екенін тілге тиек етті.


Жіберіп алмаңыз:

Абай Бегей Меккеде түсірген видеосын бөлісті

Абай Бегей әріптесі Еспановтың аз сөйлейтінін айтып әжуалады (видео)

Абай Бегей екінші рет үйленді деп тыңдармандары шулауда

Абай Бегей Кубада бейнебаян түсірмек

Талқылау