Абай Бегей Меккеде түсірген видеосын бөлісті

Сәрсенбі, 29 Маусым , 2016 10:02

Абай Бегей бастапқыда қажылыққа екінші рет барғанын жасырса да, артынша райынан қайтқан. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Мекке қаласында түсірген видеосын бөлісті.

1

Фото: instagram.com/abai_begei/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Дәстүрлі әнші әрі өнертанушы Ерлан Төлеутаев эстрада жұлдызы Қайраттың  Меккеден түсірген бейнежазбаларын сынға алған болатын. Оны тәуап ету үшін емес, саяхаттауға келгендей деп баға берген-ді. Осыдан кейін жұрт Айдар Тұрғанбеков, Қайрат Нұртас сынды әріптестерімен бірге барса да, жұртқа жария етпеген Абай Бегейдің әрекетін құп көрген. Алайда әнші артынша райынан қайтып, Мекке қаласында түсірген видеосын бөліскен.

“Аспанға қараймын” атты әнмен танылған Абай Бегей екінші рет қажылыққа барды. Өткен жылы отбасынан қаралы хабар келіп, әнші кері қайтуға мәжбүр болды. Араға бір жыл салып, Бегей өнердегі әріптестерімен Мекке қаласына қайта барды.

Бастапқыда мұны жасырып, әлеуметтік желідегі парақшасына фото да, видео да салмаған болатын. Артынша райынан қайтып, видео сәлемдемесін бөлісті.

“Ассалаумағалейкум, барша қазақстандықтарды осы келіп жеткен қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын. Аталған айда тілеген тілек-дұғаларымыз иншалла қабыл болсын. Жылдан-жылға, оразадан-оразаға аман-есен жете берейік. Әр отбасыға татулық, береке-бірлік, амандық тілеймін. Осы тілек-дұғаларымыз қабыл болсын”, – дейді Абай Бегей.

Ниеттеріңіз тілек, дуғаларыңыз қабыл болғай!🌍

Видео опубликовано Абай Бегей (@abai_begei)

Әнші осы уақытқа дейін қажылыққа барғанын жария ететін жұлдыздардың әрекетінен еш әбестік көрмейтінін айтқан-ды. Осының дәлелі ретінде Меккеде түсірген видеосын бөліскен сыңайлы.


Жіберіп алмаңыз:

Абай Бегей әріптесі Еспановтың аз сөйлейтінін айтып әжуалады (видео)

Абай Бегей екінші рет үйленді деп тыңдармандары шулауда

Абай Бегей Кубада бейнебаян түсірмек

Абай Бегей “Ла-ра-ри” атты су жаңа туындысын ұсынды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар