Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей ешкімге жария қылмай-ақ екінші рет қажылыққа барып қайтты

“Аспанға қараймын” атты әнмен танылған Абай Бегей екінші рет қажылыққа барды. Өткен жылы белгілі бір себептермен кері қайтуға мәжбүр болған-ды.

000000

Фото: instagram.com/abai_begei/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Абай Бегей 2015 жылдың шілде айында қажылыққа аттанған болатын. Алайда отбасынан қаралы хабар келіп, әнші кері қайтуға мәжбүр болады. Араға бір жыл салып, Бегей өнердегі әріптестерімен Мекке, Медине қаласына барды.

Десе де, ол бұл жолы қажылыққа барғанын жасырып қалғысы келген. Әлеуметтік желідегі парақшасына сурет те, видео да салмаған.

Жуырда халық Қайрат Нұртасты Меккеге байлығын көрсетіп, мақтану үшін барды деп сынаған болатын. Әнші аталған сындарға қатысты келесідегідей пікір білдірді.

“Ол жаққа бармаған адамға біреудің сыртынан айту оңай. Ақшаны қайдан тапса да бастысы ол жаққа барды. Оны Алла тағала шақырды”, – дейді Абай Бегей “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында.

Бұл хабарды естіген желі қолданушылары ниетінің қабыл болуын тіледі. Мұнымен қатар, өзге әншілер секілді Меккеге барғанын “жарнамаламауын” дұрыс әрекет деп білді.


Жіберіп алмаңыз:

Абай Бегей әріптесі Еспановтың аз сөйлейтінін айтып әжуалады (видео)

Абай Бегей екінші рет үйленді деп тыңдармандары шулауда

Абай Бегей Кубада бейнебаян түсірмек

Танымал өнертанушы Меккеге барып видео түсірген Қайрат Нұртасты сынады

Талқылау