Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей әріптесі Еспановтың аз сөйлейтінін айтып әжуалады (видео)

[:kk]

Күні кеше әнші қауымы кішігірім отырыс ұйымдастырып, бірге ауыз ашқан. Отырыс кезінде Нұрлан Еспанов түрлі әзіл айтып, жұртты аузына қаратқан. Абай Бегей әріптесін осы сәтте видеоға түсіріп, оны желідегі парақшасына жүктеді. Артынша тұсына “Нұрекең көп сөйлемейтін азамат қой” деп жазып әріптесін әжуалаған.

image
Фото: instagram.com/espanov_n/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Видеоны көрген желі қолданушылары Абай Бегейдің сөзін қостап, расымен де, әншінің мақтаншақ екенін айтқан. “Мақтаншақтық еркек адамға жараспайды, Нурик”, “Нұрлан Африкада жүрсе де Нұрлан ғой”, сынды пікірлер білдірген. Мұнымен қатар, тағы бір топ желі қолданушылары оның жақсы қасиеттерін жіпке тізіп, шынайы өмірде қарапайым азамат екенін айтып жатыр.

Нурекең көп сөйлемейтін азамат қой))) @espanov_n

Видео опубликовано Абай Бегей (@abai_begei)

Нұрлан еспановтың өзі де мақтаншақтығын жасырмайды. Ол керісінше өзің еңбектеніп жасаған дүниені айтып мақтанғанның дұрыс екендігін алға тартады.
Жіберіп алмаңыздар: Абай Бегей мен Асхат Тарғын әріптестерін сотқа бермек Абай Бегей “Ла-ра-ри” атты су жаңа туындысын ұсынды (видео) Абай Бегей екінші рет үйленді деп тыңдармандары шулауда Қазақстандық әншілердің тойдағы мөлшерлемесі қанша[:]
Талқылау