91 тобының көшірмесі атанған «Блэк Дайл» үштік болып қалуы мүмкін

Таяуда ғана құрамы өзгеріске ұшыраған «Блэк Дайл» тобы, ендігі үштік болып қалуды жөн көрген. Ұжымның продюсері Есболат Беделханның шешімі осындай. Бұған дейін, бойзбендтің жаңа мүшелеріне кастинг те жариялаған еді! Алайда, ешбір талантты өнерпаздың табылмағаны ма?!

black dial

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Блэк Дайл» тобы бүгінде үштік болып өнер көрсетіп жүр. Бастапқыда бес жігіттен тұрған бойзбенд, екі рэперімен қош айтысқан еді. Топтың құрамын толықтыру мақсатында, продюсер кастинг жариялаған болатын. Алайда,  іріктеуге келген өнерпаздардың ешбірі Есболаттың көңілінен шықпаған.

“Бізге сол, үш адам болып қалуымыз мүмкін. Мен әлі таңдауым бойынша, өзімнің қазіргі кастинг, әлі аса қатты нәтиже бермей тұр”, – дейді продюсер Есболат Беделхан.

Топтан кеткен экс-мүшелердің орнын басар орындаушылар табылмаса да, ұжым жетекшісі үш жігітке қанағат ететін секілді. Беделхан, өз шәкірттерін заманауи әмбебап шоу-бизнес өкілдерінің қатарына жатқызатынын айтып мақтанды.

“Қазіргі таңда, «Блэк Дайл» тобының мүшелері, олар енді жаңа бағыт универсалды адам тәрбиелейтін болғандықтан, олар өздері рэп оқып жүре береді. Олардың қабілеттері бәрі де бар”, – дейді Есболат.

«Блэк Дайл» серілері қазіргі таңда қол қусырып отырған жоқ. Бар уақыттарын да тек музыкаға арнап, жан-жақты тәжірбиелерін толықтыруда екен.

“Ең бірінші мәселе ол ән жазу, биге дайындалу және өздерінің вокалды, басқа да деңгейлерін ары қарай дамыту”, – дейді Беделхан.

Топтың өнерпаздары шығармашылықты тоқтатпаймыз деп отыр. Жаңашалау форматта сахнаға шығуды көздеп отырған трио, өз тыңдармандарын жуық арада жаңалықтарымен  қуантуға уәде берді.

Тағы оқыңыз:

Рэпер Скриптонит Павлодар облысы билігімен дауласып қалды

Төсіңді жапшы: Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суретін жариялап, жұрттың ашуына тиді

Белгілі КТА ойыншысы шаңырақ көтерді (фото)

Айсәуле Бақытбек: Әкелер ұлдарына жыныстық қатынас кезінде сақтану жолдарын үйретуі керек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар