Айсәуле Бақытбек: Әкелер ұлдарына жыныстық қатынас кезінде сақтану жолдарын үйретуі керек

Некесіз бала туу емес, баланы туып оны тастап кету ұят! Бұған дейін қоғамда аборт жасататын қыздардың көбейіп кетуіне қатысты ойын ашық айтқан Айсәуле Бақытбек пікірінен айнымағанын айтты. Бойжеткеннің пайымынша, мұндай жағдайдың алдын алу үшін әкелер ұлдарына жыныстық қатынас кезінде сақтану жолдарын үйретуі керек.

Айсауле Бақытбек

Бұл туралы Айсәуле “Гәкку FM” радиосының “Если честно” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айсәуле анасы Баян Алагөзованың өзіне жыныстық қатынас туралы ашық әңгімелегенін жасырмай айтты.

“Иә, анам екеуміздің арамызда сақтану жолдары туралы әңгіме болды. Бұл туралы әкеммен әңгімелескенім біртүрлі болатын шығар. Бірақ анам солай жасады және бекер емес деп ойлаймын. Ата-аналарына қалай айтарын білмей, аборт жасатқан таныстарым көп. Ақырында олардың денсаулығында үлкен мәселелер туындады. Балаларын тастап кеткендер қаншама?!

Меніңше, ең біріншіден, әке ұлына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретуі тиіс. Егер сен осындай іспен айналыссаң, оның салдары болатынын да түсінуің керек. Ондай жағдайға ұшырамас үшін бірнәрсені сатып ал. Ал аналар қыздарына баланың қайдан пайда болатынын түсіндіруі қажет. Бірақ бізде ұят па, әлде білім жетпей ме, қандай мәселе бар екенін білмеймін, ол айтылмайды. Меніңше, мектепте ең болмағанда анда-санда, сақтану жолдары туралы айтылу керек. Сен қаламаған жағдайда да, бала дүниеге келуі мүмкін екенін түсінуің керек. Себебі аборт – ол адам өлтірумен тең”, – дейді Айсәуле.

Бойжеткеннің пікірінше, мектепте жыныстық қарым-қатынас кезінде сақтану жолдарын үйретуі керек. Тіпті, Айсәуле соған арнап қосымша пән енгізсе де артықтық етпейді деген пікірде.

“Әсіресе, жасөспірім шақта аборт жасату деген – үлкен қателік. Тек баланың емес, ата-ананың, тіпті ұстаздардың қателігі. Себебі мектепте алдын ала сақтанып, кейін аборт жасамай-ақ қоюға болатыны жөнінде айтылуы тиіс. Мысалы, Америкада сэкске арналған пән бар. Өзім оқыдым. Жыныстық жолдар арқылы таралатын аурулар, олардан сақтану жолдары, барлығын үйретеді. Мен одан бетсіз әйелге айналып кеткен жоқпын”, – деп түсіндірді Айсәуле Бақытбек.

Тағы оқыңыз: 

Нағыз Примадонна: Роза Рымбаеваны жаңа образда көрген жұрт оны танымай қалды

Айсәуле Бақытбек анасын пышақтаған әкесінің әрекетіне түсіністікпен қарайтынын айтты

Түйсігі мүгедектер: Ерке Есмахан ажырасқаны үшін сын айтқандарға жауап берді

Айсәуле Бақытбек: Кей екіжүзді адамдар желіде орамал таққан суретін жариялап, шелпек әзірлегенін жазады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар