Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8-қабаттан құлап мерт болған қыздың өліміне себепкер деген жігіттің суреті жарияланды (фото)

Алматыда қаза болған 19 жастағы Тілеугүл Қуаныштың өліміне қатысты туыстары тергеуді бастады.

1679134

31 шілде күні түнде қыздың денесі көп қабатты үйдің алдынан табылған еді. Ол 8-қабаттан құлаған деп болжануда. Өлерінің алдында бойжеткен ата-анасына хат жазып, өзін алып қашып кеткенін айтқан. Тіпті күйеужігіттің де есімін айтыпты. Енді ата-анасы сол жігітті қызының өліміне кінәлі деп отыр, деп хабарлайды 31 арна.

Олар үнемі көңілді жүретін қыздың өзіне қол салғанына сенбейді.

«Мұнда ешқандай қан болған жоқ. Куәгерлер оның жерде жатқанын көрген. Сырттай қарағандаа өзіне қол салғанға ұқсамапты»,  – дейді анасы Жанаргүл Бұзауқызы.

Анасы сол күні пәтерге кірмек болғанымен ешкім есік ашпаған. Көршілерінен сұрастыра жүріп пәтердің полиция офицеріне тиесілі екенін білген.

pensioner600_600x400

«Ол полицей формасымен жүреді. Пәтерді жалдауға бермейді. Жақсы адам. Бұл іске оның қатысы жоқ деп ойлаймын», – дейді тұрғын Мырзабек Бекберді.

Ал қыздың ата-анасы бұған сенбейді. Олардың айтуынша, ол қызымен болған  жігіттің ағасы.

Тілеугүлді соңғы рет көрген Азиз Авитов. Ол супермаркетте жұмыс істейді. Тергеушілер оны жауап алған соң босатты.

«Ол менің қызымды үйіне әкеліп әдейі өлтірді. Оған сенімдімін. Тергеушілер оны қамай алмайтындарын айтады. Қызым өз еркімен пәтеріне келіп, терезеден өзі секіргенін айтады», – дейді анасы.

1679134

Студент қыздың туыстары сағат түнгі 4:12-де қыздың денесі шөп үстінде жатқаны түсірілген кадрды тапқан. Ал жеңгесіне қыздың атынан 4:14-те хабарлама келген. Ата-анасы хабарламаны қыздың жібергеніне сенбейді. Тергеушілердің қыздың денесін таңғы 05:00-де тапқаны, ал туыстарына кешке хабарлағанына да күмәнмен қарайды. Барлық құжаттары мен телефоны қыздың өзімен бірге болған.

Енді істің ақ-қарасын сараптама анықтайды. Оның қорытындысы бірнеше аптадан соң дайын болады.

Тағы да оқыңыз:

Тараз тұрғыны сүйіктісінен бүкіл қала халқы алдында кешірім сұрады (фото)

Жамбылда өз ауласында өлі табылған депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қытайлық мейрамхана әйелдердің кеудесінің өлшеміне байланысты жеңілдіктер ұсынды

Талқылау