Алматыда қыз алып қашудың соңы тоймен емес, қазамен аяқталды

Сейсенбі, 1 Тамыз , 2017 22:07

Қыз алып қашудың ақыры өліммен аяқталды. Алматыда бір топ жігіт 19 жасар бойжеткенді ықтиярсыз алып кетіп, көп қабатты үйлердің біріне апарған, деп хабарлайды КТК.

1479271374_v-vologde-muzhchina-pod-ugrozoy-ubiystva-bolee-2-let-nasiloval-padchericu_1

Ал әйел болуға еш көнбеген Тілеугүл Қуаныш 8-қабаттан секіріп кетіпті. Марқұм Қазақ ұлттық аграрлық университеті биотехнология факультетінде оқыған екен. Бірінші курсты енді ғана бітірген. Ойда жоқта қара жамылып қалған ағайын-туыстың айтуынша, 30 шілде күні Тілеугүлді достары аға-жеңгесінен туған күн кешіне барамыз деп сұрап алыпты.

Алайда бойжеткеннен кешке жақын анасының ұялы телефонына мені алып қашып бара жатыр деген хат келеді. Кейін туыстары қыздың барлық таныстарына хабарласқанымен, еш нәтиже болмаған. Тек 31-і күні қайтыс болғаны туралы естіпті. Бұл жағдайды тәртіп сақшылары растағанымен, қайғылы оқиғаға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартып отыр.

Тағы да оқыңыз:

Араб елінде тағы бір қазақстандық бойжеткен жоғалып кетті

Полицейлерден қашқан мотоцикл жүргізушісі өлім аузында жатыр

Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы ғаламтордағы науқастардың пікірлеріне байланысты төленеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар