Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 бала асырап алған жамбылдық полицей “100 жаңа есім” жобасына кірді

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасына Жамбыл облысынан ұсынылған 8 үміткердің арасында 11 бала асырап отырған Ғалым Арыстанбаев та бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Айта кетейік, Жамбыл облысының Меркі ауданында 40 жастағы көпбалалы полиция қызметкері тұрады. Полиция сержанты 6 ұл мен 5 қыз тәрбиелеп отыр. Олардың 8-і балалар үйінен асырап алынған. Ғалым жары Әлиямен бірге отбасы үлгісіндегі балалар үйін жасаған десе болады. Балалардың тәрбиесімен негізінен Әлия айналысады. Ол педагог маман, алайда қазір тек отбасымен ғана айналысады. Меркі аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полициясының сержанты Ғалым Арыстанбаев болса ұзақ жылдар бойы қоғамдық тәртіпті қадағалап келеді.

Арыстанбаевтар отбасы «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының финалисі болған. Сонымен қатар отағасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарының қатарына кірді.

Арыстанбаевтардың 10 жылдан астам отбасылық өмірлерінде 3 бала дүниеге келген. Осыған қарай олардың біз қыз асырап алсақ деген арманы болған. Бір бала асырап алмақ болған олар Меркі ауданындағы В.Савва атындағы балалар үйінен түрлі жастағы 4 баланы, артынан тағы үш баланы алып келген. Олар бір отбасындағы балаларды бір-бірінен ажыртқылары келмеген еді. Тағы бір баланы олар Тараздағы «Үміт» сәбилер үйінен алды.

Айта кетейік, Меркі ауданындағы балалар үйі қазір жұмыс істемейді. Өйткені онда тәрбиеленетін балалар жоқ.

«Арыстанбаевтар отбасы көпұлтты. Олардың әзербайжан, қытай, өзбек ұлтынан үш қызы бар. Балалары орыс және сыған. Олардың барлығы түрлі ұлт өкілдері болғанымен барлығы да қазақ тілінде сөйлейді. Балалар өте жақсы әрі мейірімді, оларды ата-аналары үлгілі азамат болуға тәрбиелеуде. Олардың барлығы да Қазақстанның белді азаматтары болады деген үміттеміз»,-деді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Меркі ауданындағы көпбалалы отбасының алдағы мақсаты тек көбейе беру.

Тағы да оқыңыз:

Қызылордадағы Айтбай мешітінде түбі жерасты жолдарына апаратын құпияға толы құдық бар (фото)

Әйелдің кірпігінен 100-ге жуық кене табылды 

Бауыржан Момышұлы: Мен де екі жыл жер тепкілеп, ефрейтордан таяқ жеген солдаттың бірі болдым

Талқылау