Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Момышұлы: Мен де екі жыл жер тепкілеп, ефрейтордан таяқ жеген солдаттың бірі болдым

Бауыржан Момышұлының хаттарында жазылған қызықты естеліктерді оқи отырыңыз.

Хат мәтіні «Жас Қазақ» газетінде жарияланған.

“Мен ержеттім. Қызмет-жұмыс істеу жағынан адам қатарына қосылдым.
Еңбекті мен қара жұмыстан бастадым: қора сыпырдым, қой бақтым, қос айдадым, пішен шаптым… Мұғалім болдым, ауком болдым, райком болдым… Екі жыл жер тепкілеп, ефрейтордан таяқ жеген солдаттың бірі болдым… Мерген болдым, шабандоздықтан бірінші қатардағылардың біреуі болдым. Кейде аш, кейде жалаңаш та болу жағдайларын басынан өткіздім… Он жыл бойы оқыдым, оқыттым. Офицер болдым. Қатарымнан қалғаным жоқ. Қатардан қалмау маған оңайға түсті деп айтуға аузым бармайды. Еш нәрсе маған оңайға түскен жоқ.

«Жігіттер, араз арзан, достық қымбат» деп қазақ бекер айтқан емес. Араздастым да, достастым да. Қателестім де, адастым да. Қаталарымды түзеуге өзімнен бұрын достарым көмектесті. Адасқанымда ақ жолға – ұстаздарым салып отырды. Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады дегендейін, таяқты алдымен әкемнен, ұстаздарымнан, достарымнан жедім. Олар мені жаман болсын деп ұрыспағандарына жаңа ғана түсініп келе жатқаныма қарағанда – енді ғана ақылым кіріп келе жатқанына көзім жетіп келеді.

Кейбір жолдастарыма, достарыма, ұстаздарыма олардың көзі тірі кезінде уақытылы рахмет айта алмағандығыма өкінемін де, қиналамын да, бармағымды тістеймін.
Жалғыз өмір, жалғыз жан. Қап, шіркін, қайта келетін өмір болса – есерсоқтығымды қайталамас едім деп ішімнен тынамын”, – деп жазылған хатта. 

Тағы да оқыңыз:

Бауыржан Момышұлы туралы қызықты 13 дерек

Сен кімсің өзі?: Бауыржан Момышұлы журналиске не себепті ұрысқан?

Асанәлі Әшімов: Ұлымды фильм рөліне дайындау үшін қара су мен нан беріп әбден жүдеттім

Талқылау