Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сен кімсің өзі?: Бауыржан Момышұлы журналиске не себепті ұрысқан?

Бауыржан Момышұлы кезінде журналиске не себепті ұрысқан?

10(67)

Үзінді жазушы Кәкімжан Қазыбаевтың «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітаптар топтамасынан алынды, деп хабарлайды kazakh-tv.kz.

– Мен сені неге шақырдым? – деді Бауыржан Момышұлы.

– Білмедім, Бауке.

Темекісін сорып-сорып жіберді де, отты көзін қадай қалды.

– Білмесең, жаңа осында маған сәлем бере бір жігіт келді. Аты – Рақымжан (Қошқарбаев – ред.). Міне, сол жігіт… Баукең сөзін аяқтамай қайта жүріп кетті.

– Міне, сол жігіт Рейхстагқа ту тіккен. Понимаешь? Сен ұғып тұрсың ба өзің? – деді.

– Ұғып тұрмын, Бауке!

– Өтірік айтасың! Ұққан жоқсың. Ұқсаңдар, неге жазбайсыңдар, неге жазбағансыңдар? Сен кімсің өзі? Бұл сұраққа мен таңырқап қалдым.

– Мамандығымды айтасыз ба?

– Иә, иә, мамандығым, мамандығым дейді ғой. Мамандығың-ақ болсын. Кім мамандығың? Мен күлдім. Оны өзіңіз білесіз ғой дегендеймін.

– Не до смеха. Я тебя серьезно спрашиваю, кто ты такой? – деп айқай салды Баукең.

– Мен журналиспін. Дипломым бар.  Баукең даусын сәл бәсеңдетті де:

– Сендер журналист емессіңдер, қайдағы журналист? Соғыс біткелі он үш жыл. Ана Рақымжанды көрмей жүрген неғылған журналиссіңдер? «Дипломым бар». Журналиске диплом емес, сезгіш жүрек, көргіш көз керек. Жоқ, сол сендерде жоқ!

– Знаешь, ты, кто такой Рақымжан? Мен де оны бүгін бірінші рет көрдім. Сәлем бере келіпті. Білесің бе, кімнің сәлем бере келгенін? Это исторический человек! Бұдан әрі Баукең манадан бері кеудесіне сыймай булыққан ойларын төкті дейсің.

– Мен де соғысқа қатыстым. Дивизияға дейін басқардым. Атақты Момышұлы болдым. Москва түбіндегі шайқасты көрдім. Төрт жыл бойғы сұрапыл соғыстың небір сұмдық қияметтері көз алдымда. Бірақ Берлинді алардағы, рейхстагқа ту тігердегі қырғын – ол нағыз жойқын қырғын! Как воин, как командир я представляю что это такое, это было невероятно! Рақымжан сол тозақтың ішінде болған, сол тозақтан аман шыққан! Жеңіс жалауын тіккен! Кім үшін? Мына сені мен мен үшін! Бүгінгі шолжаң қағып тірі жүргендердің бақыты үшін! Сол бір тозақта оның өзінің тірі қалуы – это чудо! Біздің басымызға келіп қонған Жеңіс деген бақыт – сол анау Рақымжан, Рақымжандар! – Баукең әрі қарай тағы сөйлеп кетті.

Тағы да оқыңыз:

Бауыржан Момышұлы туралы қызықты 13 дерек

Рахымжанмен бірге Рейхстагқа ту тіккен Гриша әділетсіздікке шыдамай асылып өлген

Момышұлының хатынан: Баланы жауынгерлікке тәрбиелейтін қазақтың дәстүрлері

Баян қайда?: Құман Тастанбековтің басынан өткен қызықты оқиғасы

Талқылау