Жамбылда полицей балалар үйінен бес баланы асырап алды (фото)

Жұма, 22 Сәуір , 2016 10:54

Жамбыл облысы Мерке ауданының жергілікті полиция қызметінің аға сержанты Ғалым Арыстанбаев жарымен бірге үш туған және бес асырап алған баласын тәрбиелеп отыр.

полиция2

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ғалым Арыстанбаев көп жылдар бойы Отан игілігі үшін адал қызмет етіп келеді.

полиция4

38 жастағы полицей үш ұлдың әкесі. Ол әйелімен бірге бір жарым жыл бұрын бес баланы тәрбиелеуге алған.
Бұл туралы Ғалымның әріптестері кездейсоқ біліп қалды.

полиция3

«Отбасым үлкен. Мұны әрқашан армандағанмын. Әйелім Әлия мені қолдайды. Отасқанымызға 10 жыл болды. Қасымызда балаларымыз, анам, туыстарым бар. Олардың дендері сау. Ең бастысы сол. Мен өзімді ең бақытты жанмын деп есептеймін», – деді отағасы.

полиция1

Ұлдары болғандықтан ол қыз бала асырап алғысы келгенін айтады.

полиция

«Жанұялық типтегі балалар үйі» бағдарламасы туралы В.Савва балалар үйінің мұғалімі Фарида айтты. Әйеліммен кеңесіп, осындай жауапты шешім қабылдадық. Бес баланы асырап алу идеясы балалармен танысып жатқанда әйелімнің ойына келді. Бір баланы алуға барып, жасы әр түрлі төрт баланы әкелдік. Олар бір жанұядан болғандықтан, бөлгіміз келмеді. Бір баланы «Үміт» бөбекжайынан асырап алдық. Қазір бұл ісіме еш өкінбеймін», – деді Ғалым Арыстанбаев.
Айта кету керек, Ғалымның үлкен жанұясы түрлі ұлт өкілдерінің болуымен ерекшеленеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Дурыс

  • Жұмбақ жан says:

    НАҒЫЗ ЕРКЕК ДЕП ОСЫНЫ АЙТУҒА БОЛАДЫ.

  • Жұмбақ жан says:

    Дұрыс қылған екен.Өте қуаныштымын.Алла сауабын жазсын. Осындай азаматтар көбейсе екен елімізде

  • Жұмбақ жан says:

    juregi ulken adam! sozge emes, iske kop man beretin adam. Allah razy bolsin SIZDERDEN!!!!!

  • Нұрлан says:

    Жарайсың бауырым алла сіздердей бауырларды көбейтсін жүректеріне иман беріпсін. қазақ жесірін жылатбаған жетімін тастамаған қазақ. Сіздер сияқты жоғарғы шенді азаматтарға үлгі болып оларды ойату керек. Алла сіздерге денсаулық берсін.

  • Жұмбақ жан says:

    Мә шә Алла! Алла разы болсын!

  • Жұмбақ жан says:

    Красавчик

  • Жұмбақ жан says:

    Жарайсыз!

  • Жұмбақ жан says:

    туган баласын мойындамай жур биреулер бул агамыздыки марттик кудайдын ози риза болган шыгар жетимин жылатпанган халыкпызгой агаларымыз кобейсин!

  • Жұмбақ жан says:

    осындай агаларымыз коп болса жаксы жетим уиинде бала калмас еди рахмет осы кисиге 5 баланы асырап тарбие берип отырган

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар