Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

67 жастағы Тараз тұрғыны ғашығына деген сезімін тікелей эфирде білдірді

Тараз қаласының 67 жастағы тұрғыны  Мадина есімді келіншекті теледидардан көріп, ғашық болып қалған. Бұл туралы зейнеткердің өзі  бүкіл қазақстандықтың алдына шығып ашық айтты,-деп жазды Stan.kz.

Сейсенбек ақсақалға үш перзент сыйлаған бәйбішесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болыпты. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ақсақал жалғыздықтан шаршағанын айтады.

«Ұш бала да үйлі жайлы болып кетті. Екеуі осы Қазақстанда, бір қызым Миланда тұрады. Мадинаның жалғыз қызын бауырыма басуға дайынмын. Қалған өмірімді Мадинамен бірге демалып, қыдырып өткізгім келеді»,-дейді  ақсақал.

Ал Мадина болса Сейсенбек ақсақалға мүмкіндік беретінін айтты. Яғни олар бірнеше уақыт сөйлесіп, бірін-бірі тани түспекші. Бұл жұптың алдағы өмірін «Қалаулым» бағдарламасы жіті бақылайтын болады.

оқи отырыңыз:

Алматылық дәрігерлер сүт қоспасының сәби өміріне қауіп төндіретінін айтып дабыл қақты

Маңғыстау облысының тұрғыны сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

Ақтөбелік ата-ана: Қыздарымның басы биттеп кеткен соң орамал тақтық, қажет болса бүгін-ақ шешіп тастаймыз

Сен кімсің маған адамгершілік туралы айтатын: Таразда басшыны видеоға түсіріп алды

Талқылау