Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

66 жастағы Павлодар тұрғыны автовокзалда “қазір жарылыс болады” деп айқайлаған

Павлодар автовокзалында террористік акт туралы жалған хабар берген 66 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.

4992c83611b8

Сурет: lifepvl.kz 

Зейнеткердің айтуынша, сол күні ол Астанаға баруды жоспарлаған, кешке жүретін автобусқа билеті болған. Автовокзалға ерте келген зейнеткер дәмханадан екі литр сыра ішіп, автобусты күтіп отырған. Ішімдіктің әсерінен сотқарлық жасағысы келген. Диспетчер бөлмесіне барып, «Бәрін шақыр, қазір жарылыс болады», деп айқай салып, өз орнына отырған.

Хабарламаны алған соң, вокзалға төтенше қызмет жіберіліп, 100-ге жуық адам көшірілген. Вокзал ғимаратын саперлер тексеріп шығып, жарылғыш зат тапқан жоқ.

66 жастағы «тәртіп бұзушы» ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған қатысты алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын ҚР ҚК 273 бабында көрсетілген «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жіберіп алмаңыз:

БҚО-да жарылыстан зардап шеккендер өлім аузында жатыр

Сағынтаев: ЭКСПО кезінде Астанада террористер жарылыс ұйымдастыруы мүмкін

Жалған ақпарат таратқан адамды тауып берген қарағандылық 1 млн теңге алды

Алматыдағы сауда үйінің кепілге алынғаны туралы жалған ақпарат таратқан қыз кешірім сұрады (видео)

Талқылау