Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

550 мың теңге: Семейлік әйел Қайрат Нұртастың пиджагын сатпақ

Семей тұрғыны қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың пиджагын 550 мың теңгеге сатпақ. Ол бұл туралы хабарландыруды Olx.kz сайтында жариялады.

550 мың теңге: Семейлік әйел Қайрат Нұртастың пиджагын сатпақ

Әйелдің айтуынша, оған киімді әншінің өзі берген екен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Қайрат Нұртас қаламызда өнер көрсеткен кезде біздің отбасымызға пиджагын тарту етті. Біз оның концертінде болған едік», – дейді хабарландыру авторы.

Оның сөзінше, танымал әншінің киімін сату арқылы тапқан ақшаны баласының білім алуына жұмсамақ.

Сонымен қатар әйел пиджакты сатып алғысы келген адамға бағасын 20 мыңға түсіретінін айтты.

Ал Қайрат Нұртастың PR-менеджері сатылымдағы пиджактың расымен әншіге тиесілі болған, болмағанына кепілдік бере алмайтынын айтты. Алайда Қайрат Нұртастың гастрольдік сапар кезінде шынымен де киімдерін сыйға беретінін растады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау