Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жыл азаптаған: Алматыда туған қызын балғамен ұрып-соққан әйел сотталды

Алматыда бауыр еті баласына қиянат жасаған анаға қатысты сот үкімі шықты. Бес жыл бойы туған қызын ұрып-соғып, зорлықпен қамап ұстаған Анна Иванова 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, баласына қатігездік көрсеткен анадан бөлек, қыздың денесіндегі жарақаттарды көрсе де, оған көз жұма қараған сынып жетекшісі мен құзырлы орган өкілдері де жазасыз қалмайды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

5 жыл азаптаған: Алматыда туған қызын балғамен ұрып-соққан әйел сотталды

Анасынан қорлық көрген қыздың денесіндегі жарақаттарға бей-жай қараған тұлғалардың да үстінен қылмыстық іс қозғалатын болды. Ал, өз баласына асқан қатігездік көрсеткен сотталушы 6 жылға темір торға жабылды. Бірақ, баласын 5 жыл бойы азаптаған ананың жанарынан жасаған әрекетіне өкінетіндей, ештеңе байқалмады. Ол керісінше, қолындағы темір кісенді шешулерін талап етіп, сот залында айқайға басып, шу шығарды.

Бауыр еті баласын адам шошырлық жағдайға түсірген қатігез ана бұған дейінгі сот отырыстарына үйінен барып келіп жүрген еді. Бүгін ол бұрынғыша үйіне қайта алмады. Бірақ, қатігез ананың отырысына қарағанда, ол бұл жолы да үйіне қайтатынына сенімді болған көрінеді. Себебі, ол сот залына сырт киімін де шешпей кіріп, өзімен бірге еріп келген таныстарымен күліп әңгіме айтып отырды. Бірақ, оның бұл қуанышты сәті көпке созылмады.

Сот шешімімен Анна Иванова кәмелеттік жасқа толмаған баласының денсаулығына қасақана зиян келтірді деген айыппен кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейтін болады.

Туған қызына бес жыл бойы күн көрсетпеген ана сот үкіміне бірден мойынсұнбады. Ол қолын кісендеуге келгендерге қарсылық танытып, кісен салмаңдар деп айқайға басты.

«Кісен салмаңдар! Мен қашып бара жатқан жоқғын ғой, тартаңдар қолды. Бұл сіздердің ойыңызша лайықты жаза ма? Барып тұрған бассыздық. Құдайдың қарғысы атсын сендерге. Бірде сараптама ештеңені дәлелдеген жоқ. Кінәлі емеспін», – деп айқайлады сотталушы қолына кісен салмақ болғандарға.

Естеріңізде болса, бұған дейін қазақстандықтардың жағасын ұстатқан қорлық көрген мүгедек қыздың жантүршігерлік оқиғасы туралы хабарлаған болатынбыз. Кейіннен, қаскөйлердің тағдыр тәлкегіне ұшыраған мүгедек қыздың сыйға берілген ноутбугын ұрлап кеткені хабарланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау