Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

36 жастағы Асылбек Еңсепов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Танымал домбырашы Асылбек Еңсепов шаңырақ көтерді.

000

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күйші Асылбек Еңсепов 6 тамыз күні шаңырақ көтерді. 36 жастағы азамат Айжан есімді арумен көңіл қосты. Тойға барша қазақстандық жұлдыздар мен өмірдегі достары, ағайын туыстары келді.

Қуанышты хабарды алғашқылардың бірі болып бөліскен тележүргізуші Мейрамбек Таубалдиев болды. “Асыл аға, Айжан жеңеше, бақытты болыңыздар!” – деп жазады ол инстаграм желісіндегі парақшасында.

Мұнымен қатар, жас жұбайлардың қуанышын бөлісуге “Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Тамара Асар, Ренат Гайсин, Нұртас Адамбаев сынды танымал жұлдыздар келген.

Күйші 1980 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебін сәтті аяқтаған. Түркия, Франция сынды мемлекеттерде өткен Халықаралық фестивальдердің жеңімпазы. Үлкен сахнада 1999 жылдан бастап өнер көрсете бастаған.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ боксшысы Жанқош Тұраров шаңырақ көтерді

Жазушы Дидар Амантай мен әнші Гүлбаршын Тергеубекова шаңырақ көтерді

“Стамбул көшелері” телехикаясындағы Маджит пен Нериман шаңырақ көтерді

Қазақстан шоу бизнесіндегі дүркіреп атап өтілген тойлар

Талқылау