Қазақстан шоу бизнесіндегі дүркіреп атап өтілген тойлар

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 17:02

Бұл ғашықтардың тойын барша Қазақстан бақылап отырды. Салтанатты мейрамхана, құшақ-құшақ гүл шоқтары, ақ тілектер, күлімсіреген жүздер – олардың тойында мұның барлығы да болды. Олай болса, өнер жолында табысып, қуаныштарын дүркіретіп атап өткен жұлдыздардың тойларын назарларыңызға ұсынамыз.

0

Фото: instagram.com/aidanamedenova/?hl=ru

Әлішер Нұржанов пен Айдана Меденова

КешYou тобының экс солисі мен Indigo, FM топтарының директоры Әлішер Нұржанов 2015 жылдың наурыз айында шаңырақ көтерді. Қыс мезгілінде Айдана Меденованың Баян Есентаевамен жасасқан келісім-шартының мерзімі аяқталып, тойға қызу дайындық басталған-ды. Тойдан кейін қалыңдық пен күйеужігіт БАӘ-ге бал айын өткізуге аттанады. Бүгінде қос ғашықтың Әмина есімді қыздары бар.

3

Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев

Mysterions тобының әншісі Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың тойын жұрт инстаграм желісінде бақылады. Қос жұлдыздың желідегі достары тұрмысқа шығу туралы ұсыныстың қашан және қайда жасалғанын, тойға дайындықтың қалай өткенін, киімдердің қалай таңдалғанын бақылап отырды. Тойда МС Сайлаубектің ән айтқаны көпшілік үшін тосын сый болса, Аша Матайдың үнді стиліндегі қызойнағы жұрт арасында түрлі пікір туғызды. Жұлдызды жұп өткен жылдың күз айында шаңырақ көтерген болатын. Арман мен Аша ашып айтпаса да, соңғы кезде тележүргізушінің бала көтергені жиі айтылып жүр.

12

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/?hl=ru

Мәдина Сәдуақасова мен Олжас Смағұлов

Мәдина Сәдуақасова да қуанышын дүркіретіп атап өткен болатын. Олжас Смағұлов екеуінің тойы 2014 жылдың 2-ші ақпанында өтті. Ол жолдасымен “Таң қалмаңыз” бағдарламасының түсірілімінде танысқан екен. Тойларына барша қазақстандық жұлдыздар шақыртылған болатын. Ал 2014 жылдың жаз айында әнші дүниеге ұл алып келді. Ұлдарының есімін Әнуар деп қойды.

01

Фото: instagram.com/alansoul82/?hl=ru

Алан Черкасов пен Анастасия Клещенко

Алан Черкасов FM тобының экс солисі Анастасия Клещенкоға жүріп жүргендеріне екі ай толмастан ұсыныс жасаған. Қазақстандық жұлдыздардың тойы 2015 жылдың маусым айында өтті. Алан мен Настя тойларына тек жақындарын шақыруды жөн көрген.

image

Фото: instagram.com/naarah_s/

Дәулет пен Айнұр Ілиясова

Актриса Айнұр Ілиясова мен Дәулет есімді азаматтың тойлары ағымдағы жылдың маусым айында өтті. “Қазақстан” қонақ үйінде жасалған тойға тек туған-туысқандары мен жақын достары келген. Актриса сүйіктісін жасырғысы келсе де, желі қолданушылары оның кім екенін біліп қойған. Қалыңдық пен күйеу жігіт ұзату той жасамауды жөн көрген.

7

Фото: instagram.com/aliya_anuarbek/?hl=ru

Азамат пен Әлия Телебарисова

2014 жылдың жаз айында “Жаужүрек мың бала” фильмі арқылы танылған Әлия Телебарисованың тойы өтті. Сүйіктісі Азаматтың өнер әлеміне еш қатысы жоқ. Десе де, ол Әлияға барлық бастамада қолдау көрсетіп, актерлік мансабын жалғастыруға еш кедергі жасамайтынын айтады.

02

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova/

Арыстан мен Мөлдір Әуелбекова

2015 жылдың желтоқсан айында өткен тойдың суреттерін әншінің тыңдармандары асыға күтті. Әуелбекованың таңдауы құрбысының ағасы Арыстан есімді азаматқа түскен. Жеке бизнес түрімен айналысады екен. Тойға қазақ эстрадасының барша әншілері жиылған-ды. Жұрт қалыңдықтың салмағы 8,5 кг болатын көйлегін көріп қатты таң қалған.

d2ea4e29875443795959442e442

Фото: instagram.com/sanjar.madi/

Санжар мен Мөлдір Мәдиевтер

Қыздар жүрегін жаулаған сүрбойдақ 2014 жылы отбасын құрған болатын. Киноактердің таңдауы Мөлдір есімді бойжеткенге түскен. Ал тойлары Rixos қонақ үйінде өткен.

9

Фото: instagram.com/muturganov_murat/

Мұрат пен Олеся Мұтырғановтар

Танымал цирк әртісі Мұрат пен Олеся Мұтырғановтардың тойы білім күніне сәйкес келді. Тойлары цирк үлгісінде, ашық аспан астында өтті.

12976501_545939818899213_302365306_n

Фото: instagram.com/alensamykenov/

Әлен Самыкенов пен Ғалия Мұратова

Қазақстандық шоу-бизнестің жарасымды жұптарының бірі – Әлен Самыкенов пен Ғалия Мұратова. Олар 2015 жылдың қазан айында шаңырақ көтерген болатын. Жұлдызды жұптың қуанышын бөлісуге барша достары мен туған-туысқандары келді.

4

Фото: pikore.com/ivanbreussov

Иван Бреусов пен Меруерт Асанова

Иван Бреусов бір кездері Ділназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова сынды әріптестерінің жүрегін жаулаған болатын. Десе де, бұл әншілермен көңілі жараспай, таңдауы Меруерт есімді бойжеткенге түскен. Меруерт Асанова “Бионик” тобының экс әншісі. Бүгінде бала тәрбиелеп отырған жұлдызды жұптың тойы Алматы қаласында өтті.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әнші Ademi мен Сосо Павлиашвили әнін барлық ғашықтарға арнады

Ғашықтар мерекесінде “Жаным, сәлем” бейнебаянының тұсауы кесілді

Тағдыр қоспаса да, халық қосқан жұлдызды ғашықтар

Төреғали мен Ерке ғашықтардың рөлін сомдайтын фильмнің қашан шығатыны белгілі болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар