Жазушы Дидар Амантай мен әнші Гүлбаршын Тергеубекова шаңырақ көтерді

Сәрсенбі, 20 Шілде , 2016 14:49

Дәстүрлі әнші Гүлбаршын Тергеубекова мен ақын әрі жазушы, кинематографист Дидар Амандай көңіл жарастырып, шаңырақ көтеруге шешім қабылдады. Қос өнерпаз ұзақ уақыттан бері қарым-қатынастарын жасырып келген болатын.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өнер әлемінің қос жұлдызы шаңырақ көтерді.  Осы уақытқа дейін жазушы әрі ақын Дидар Амантай әлеуметтік желідегі парақшасында жерлесі Гүлбаршын Тергеубековаға махаббат жырын арнаған болатын. Дәстүрлі әншінің туған күніне арналған өлең төмендегідей:

“Ұшып келе жатырмын көкті тіліп ұшақта,
Көрмегелі қалқаны болған еді үш апта,
Құшақтасам сені егер басып-басып кеудеме,
Сен де мені жібермей қатты-қатты құшақта!

Қуанасың баласын жолдан күткен анадай,
Көздеріңді сағындым жарқыраған танадай,
Жанарыңа жарты әлем сыйған мөлдір тұнық көз
Он сегіз мың ғаламды ойға тұтқан санадай.

Қабағымен шешеді ер-азамат жанжалын,
Қазағыма Қазыбек, Мәди берген Шаншарым,
Жалған сөзді жаратпай жарып тастар қанжарым!
Ат байлайтын… жан жарым!

Қияды екен басқаға қызық-думан шақты кім,
Маған ғана арнаған бар ғұмырын, уақытын,
Нақ сүйерім – тағдырдың маңдайыма жазғаны,
Нағыз ерін таныған нағыз менің бақытым!

Бұл өлеңді ақын 2016 жылдың 28 қаңтарында жазған-ды. Артынша Дидар Амантай парақшасына Гүлбаршын Тергеубекованың суретін салып, тұсына Дмитрий Маликовтың “Кто тебе сказал?” әнін жазып қойған. Десе де, екі өнерпаз қарым-қатынастары туралы осы күнге дейін ешнәрсе ашып айтпаған. Енді міне қос ғашық шаңырақ көтеріп, отбасын құруды жөн көрген.

Бұл жаңалықты естіген әншінің әріптестері қатты таң қалған. Себебі, олар күйеу жігіттің кім екенінен бейхабар екен. “Гүлбаршын жаным, бақытты бол! Барған жеріңде бағың ашылсын! Бірақ қайда шыққан екен?” – дейді Шахизада Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасының журналистеріне.

Гүлбаршын Тергеубекова мен Дидар Амантай да Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Дәстүрлі әнші ұзақ жылдан бері екі баласын жалғыз өзі тәрбиелеп келеді. Ол отандық бағдарламалардың бірінде басының бос екенін айтқан болатын. Әріптестері ғашықтарды құттықтап қана қоймай, тойға шақыру күтетіндерін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

“Стамбул көшелері” телехикаясындағы Маджит пен Нериман шаңырақ көтерді

Қазақстан шоу бизнесіндегі дүркіреп атап өтілген тойлар

Тараздағы түрмеде үйлену тойы өтті

Шоу бизнестегі ең танымал қалыңдықтар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    Любовницаға үйлену мода боп барад

  • Анонимно says:

    Бақтары баянды болғай.
    Д.Амантайдың бұрынғы жанұясы қайда екен?

  • Анонимно says:

    қызық екен, бақытты болсын.

  • Салтанат says:

    Дидар Амантай маган хабарласыныз 87025113266 сиздин алматыдагы уйди алган адаммын

  • Анонимно says:

    Бакытты болсын не деген махаббат

  • Анонимно says:

    Бақытты болыңыздар!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар