Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 жастағы ер адамның сырт келбеті 3 жасар бала қалпында қалған (фото)

30 жасқа келген Вань Тианфань 3 жасар бала сияқты көрінеді. Оның анасы Чу Сяопиньге баласын ғибадатханада қалдырып, дені сау бала босанып алуға кеңес берген. Бірақ әйел баласын тастауға келіспеген.

30 жыл бұрын Чу Сяопинь дүниеге ұл бала әкелген. Бұл уақытта ол жалғызбасты болған екен. Дәрігерлер баланың денсаулығында генетикалық ақау бар екенін айтқан. Баладан табылған аурудың сирек кездесетіні сонша, оның атауы да жоқ болып шықты.

Дәрігерлер мұндай жағдаймен алғаш кездескен.  Баланың бойындағы дертке  7 миллиард адамның біреуі ғана шалдығады екен. Бұл аурудың ерекшелігі сол, бала 3 жастан кейін дамымай қалған. Ол өспейді, сөйлемейді, жүре алмайды әрі анасына толықтай тәуелді.

Бастапқыда дәрігерлер баланың ұзақ өмір сүрмейтінін айтқан. Мұнан кейін ол көңіл жұбатарлық болжамдар жасай бастаған. Бірнеше жыл бұрын науқасты тексерген дәрігерлер Вань Тианфань  30 жасқа дейін өмір сүрмейді деген қорытынды жасаған. Бірақ анасы дәрігерлердің сөзіне сенуден бас тартуда. Ал биыл Вань Тианфань 30 жасқа толып отыр.

«1990 жылы балам 3 жасқа толғанда көршім оны ғибадатханада тастап кетуіге кеңес берді. Бірақ бұл ой маған жиіркенішті көрінді», – дейді Чу Сяопинь.

Вань Тианфаннің анасы мұнан әрі де баласына қамқор бола бермек. Және қартайғанда да баласы тірі болатынына сенеді.

«Мен оның жағдайы ешқашан оңалмайтынын білемін. Ол мүмкін емес. Бірақ мен балам үшін өмір сүргім келеді. Оның өлгенін қаламаймын», – дейді Чу Сяопинь.

Оқи отырыңыз:

Ата-анасы перзентханада ауысып кеткен қызымен 39 жылдан кейін кездесті (фото)

Англиялық қыз сүйіктісі үшін 220 килограммға дейін семірген (фото)

Тынық мұхитында су бетінде қалқып жүретін «еркін адамдар» қаласы пайда болады (фото, видео)

«Мен жатырымды жалға бердім, ал олар баламды тартып ала жаздады»: АҚШ-тағы суррогат ананың оқиғасы (фото)

Талқылау