Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 млн теңге жинаған: Алаяқтардың кесірінен қазақстандық бала шетелде емсіз қалған

Ақтөбеде келіншек балалардың еміне көмектесеміз деп ақшаны қалтасына басқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен балаларды емдеуге ақша жинап жүрген әйелді ұстады.

Ақтөбенің бірнеше тұрғыны тәртіп сақшыларына "More Life" қорының өкілдеріне қатысты арызбен хабарласты. Зардап шеккендердің айтуынша, қор директоры емделуге қаражат жинауға көмектесеміз деген желеумен ақшаны иемденіп алған.

Қылмыстық іске алты жәбірленуші тартылып, жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам адам өндіріп алған.


"Алаяқтар оны қолдануы мүмкін": Мамандар түбіртекті кассада тастап кетудің салдарын түсіндірді


Бір жағдайда 2023 жылы қор мен емделуге мұқтаж баланың ата-анасы арасында келісім жасалған. Қажет соманы жинаған соң қор ата-анасы мен баласын Беларусь Республикасының Минск қаласына ақшасыз емделуге жібереді. Қор түрлі сылтаулармен ақшаны аудармаған. Соның салдарынан бала дұрыс емделмей, ата-анасы өзге елде көмексіз қалған.

"Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу аясында жедел-іздестіру шараларын жүргізуге халықаралық бұйрық жіберілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәртіп сақшылары аталған қордың әрекетінен зардап шеккендердің барлығынан дереу полицияға хабарласуды сұрайды", – деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Еске салсақ, СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетеміз деп алаяқтар ақша жинаған

Талқылау