22 жылдан бері түр-келбеті өзгермеген тележүргізуші жұртты таңғалдырды (видео)

Қытайдағы әйгілі CCTV арнасы ауа-райы болжамының мүмкін деген барлық нұсқаларын 1996 жылы түсіріп тастаған! 22 жылдан бері түр-келбеті өзгермеген тележүргізушіні көрген жұрт дәл осылай деп дабыл қақты.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Көрермендер ХХ ғасырдың соңынан бастап көгілдір экраннан түспей келетін жүргізушінің сыртқы келбетіне таңдай қағуда.

Жаппай ел талқысына түскен әйелдің аты-жөні – Ян Дан. Бұл әйелдің жасы – 44-те, алайда оған сену қиын. Десе де жүргізуші міне, 22 жылдан бері Қытай арнасында үздіксіз жұмыс істеп келеді.

Желіде Ян Данның кезекті рет ауа-райына жасаған болжамы вирусқа айналды. Бейнежазбада әйелдің 22 жылдан бері ауа-райын жүргізіп келетіні және сырт келбетінің еш өзгермегені айтылған.

Ян Дан алғаш рет көгілдір экранға 1996 жылы шыққан. Ол шақта Spice Girls тобы аса танымал еді, сондай-ақ, әлемдегі ең көп таралған телефон Nokia болатын.

«Оның болжамын тамашалап келе жатқан көрермендердің басым бөлігі есейіп кетті. Бірақ ол өзгермейді. Тіпті, жыл сайын жасарып бара жатқан сияқты», – деп атап өтті желі қолданушыларының бірі.

Жұрт Ян Данды қартаймайтын ханшайым атап кетті. Халыққа Ян Данның жас болып қалуының себебі қызық.

Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер үлкен ісікпен дүниеге келген сәбиді екібасты деп ойлаған

Тасқыннан улы өрмекшіні құтқармақшы болған әйел суға түскен (видео)

Көзіне есірткі егіп соқыр болып қалған қыз арманын айтты

Бермуд аралынан төрт жыл бұрын көмек сұраған жолаушының бөтелкеге салынған хаты табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар