Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2018-2019 оқу жылы қолданысқа енгізілетін оқулықтардың алдын ала нұсқасы жарияланды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында 2018-2019 оқу жылы қолданысқа енгізілетін оқулықтардың алдын ала нұсқасы жарияланды.

Бұл туралы орталыққа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6 және 8 сыныпқа арналған оқулықтардың «Қоғамдық бағалау» порталына орналастырылғанын хабарлайды»,-делінген хабарламада.

«Қоғамдық бағалау» порталы оқулықтардың сапасына қатысты сын-пікірлер мен ұсыныстарды қабылдауға арналған портал. Онда ата-аналар, сондай-ақ педагогтар сараптамадан өтіп жатқан оқулықтардың алғашқы нұсқасын қарып шығып, өз пікірлері мен ұсыныстарын қалдыра алады. Келіп түскен сын-ескертпелер, сондай-ақ кітаптардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты ұсыныстар оларды өңдеу кезінде назарға алынатын болады.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда бірнеше топ пәтер тонаушылар ұсталды

Павлодарда көлдегі қауіпті заттың мөлшері артуынан балықтар мутацияға ұшыраған

Астанада ашылатын жаңа ауданға Байқоңыр атауы бекітілді

ІІМ Астанада түрмеден қашып кеткен қылмыскердің суретін жариялады

 

Талқылау