2016 жылы отбасын құрған және шаңырағы шайқалған жұлдыздар (фото)
«Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» дейді қазақ. Байқасаңыздар, шаңырақ көтерген әр жұптың тойында осы сөздер міндетті түрде айтылады. Тек жас жұбайлар айырылысып тынсын деп емес, «ыдыс-аяқты сылдырлатса да сындырмасын», яғни қандай жағдайда да отбасын сақтап қалсын деген ниетпен айтылады.
Десе де, елімізде жыл сайын мыңдаған жас отбасылар дәм-тұздары жараспай, ажырасып тынады. Олардың арасында елге белгілі тұлғалар да жоқ емес. Stan.kz назарларыңызға 2016 жылы отбасын құрған және отбасын сақтай алмаған жұлдыздар тізбегін ұсынады.
Шаңырағы шайқалған жұлдыздар
Баян Есентаева
Танымал продюсер Баян Есентаеваның басынан өткен жағдай бүкіл Қазақстан халқын дүр сілкіндірді. Күйеуі қызғаныштың кесірінен оны соққыға жықты. Мұнысын бүкіл ел білді. Ақырында Есентаева өзінің күйеуімен ажырасып тынды. Ал Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дәурен Айдарқұлов
Ақбота Сейтмағамбетпен қатар аталғандықтан болар, шоумен, актер Дәурен Айдарқұловтың да отбасындағы жанжал ел аузына ілікті. Жұрт «Гламұр для дур» фильмінен кейін Дәурен мен Ақботаны үйленеді деп болжады. Бұл уақытта өзін Айдарқұловтың келіншегімін деп таныстырған Баян Әкімжанова желіде парақша ашып, түрлі жазбалар қалдырды. Ақботаны «үш баламның әкесінен айырды, оны жүктілігі арқылы өзіне қаратты» деп айыптады. Көп уақыт өтпей Ақбота таңдаған жігітінің Дәурен емес екенін мәлімдеді. Отбасынан жыраққа кетсе де, актердің әйелімен заңды түрде ажырасқан-ажыраспағаны белгісіз.
Нұрлан Әлімжан
Танымал актер Нұрлан Әлімжан да шаңырағы шайқалған жұлдыздардың қатарында. Алайда актер жеке өмірі туралы сөз қозғағанды ұнатпайды. Отбасындағы жанжал туралы да жақ ашқан емес. Тек отандық бағдарламалардың біріне берген сұхбатында ол расымен де әйелімен ажырасқанын, ол үшін қиналып жүргенін мәлімдеді.
Шаңырақ көтерген жұлдыздар
Серік Ибрагимов
Әнші Серік Ибрагимовтің үйлену тойы өтіп бара жатқан жылдың ең жарқын оқиғасы десек, артық айтқандық болмас. Серік алматылық ару Айнамкөзді өзіне жар етті. Алматыдан ұзатып алған келіншегін Қызылордаға алып барды. Дүркіретіп той жасады.
Ернар Нұрғалиев пен Әсел Қалиева
Кино әлеміндегі кезекті той режиссер Ернар Нұрғалиев пен актриса Әсел Қалиеваға тиесілі. Олардың тойы 2016 жылдың тамыз айында болып өтті. Ернар мен Әсел бір ұлдың ата-анасы атанып үлгерді.
Айнұр Ілиясова
Актриса Айнұр Ілиясова да биылғы жылы тұрмыс құрып, ана бақытына бөленгендердің қатарында. Жуырда ғана 30 жасқа жақындаған Айнұр қызды болды.
Рано Омарова
Рано Омарова наурыз айында тұрмысқа шығып, арада екі ай өткеннен кейін ана атанды. Актриса әлі той көйлегін киіп үлгерген жоқ. Раноның бір ұлы бар.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандағы ең сұлу тұрмыстағы келіншектер (фото)
Баян Есентаева Италия елінде саяхаттап жүр (фото, видео)
Қыдырәлі Қарақаттың өз қолымен жемпір тоқып бергенін айтып мақтанды
Аяз атаға хат жазған Жәния Джуринская желі оқырмандарын күлкіге қарық қылды