2016 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі

Сәрсенбі, 10 Тамыз , 2016 7:29

Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі ресми БАҚ-та жарияланды.

грант

Осы тізім «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде де жарық көреді.

Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған білім гранттары иегерлерінің тізімін МЫНА ЖЕРДЕН жүктеп алуға болады.

Осылайша, мемлекеттік білім гранттарының иелерін анықтайтын комиссия бөлген 31 702 грант иегерлері толық анықтады. Оның ішінде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант 1 курсқа қабылдауға қарастырылды.

Биыл мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына негізделді. Осы орайда аталған басымдықтарды ескере отырып, 12 593 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға ескерілген. Сонымен қатар, 5 000 грант – педагогикалық, 2 690 грант  – ауыл шаруашылығы мен ветеринария мамандықтарына, 3 000 грант  – медициналық салаға мамандықтарға бөлініп отыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс берілетін ЖОО-лар тізімі айқындалды. Еліміздің 112 азаматтық жоғары оқу орындары арасында  оқу гранттары 87 ЖОО-ға бөлінді. Өткен жылы 64 оқу орны қамтылған еді.

Биыл жылғы оқу гранттарын алу конкурсына 59 677 адам қатысуда, олардың ішінде 47 342-сі – қазақ тілінде білім алуға (80 пайызға жуығы), 12 335 талапкер орыс тілінде оқуға тапсырған.

Жалпы конкурстарға қатысушылар арасында  2 208 «Алтын белгі» иегерлері; 303 колледж түлектері; 169 халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары; 854 халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, 948 халықаралықжәне республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары; 9 Президенттік олимпиаданың жеңімпаздарыы қамтылған. Олар грантты алуда басымдыққа ие болып отыр.

Конкурсқа І, ІІ топ мүгедектігі бар 363 адам, Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдерінен қамтылған 1 053 адам, сондай-ақ 492 ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен жетім балалар қатысуда. Бұл адамдарға квоталар белгіленген.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа балл – 81,2 балл.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар